Жерлесіміз «Минута славы» телешоуының ширек финалында (видео)

5 Ақпан 2013, 16:54

Қағылған шегені тісімен суырып алатын адамның барына сенесіз бе? Иә, ондай адам бар. Тісі темірдей мықты адам Астанада тұрады. Қазір Республикалық ұланда әскери қызметте. Бір қызығы үлкен шегелерді қас-қағым сәтте қолымен түйіншектеп тастайды. Жерлесіміз қазір Ресейдің «Минута славы» телешоуына қатысып, ширек финалға өтті. Үлкен шегелерді алақанымен қағу, оны тісімен жұлып алу, сынған шыныларды жалаң аяқ басып, сындыру - Сергей Цырульников үшін түк емес. Бұл өнерді ол бір-екі жыл бұрын ғана үйрене бастаған. Қолдың күші жетпейтін затты тісімен оңай көтереді. Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ, ерекше өнер иесі: - Мен бұл өнерді үйренгеніме көп бола қойған жоқ. Бұрын қызығатынмын. Өнерді қолға алған соң, өзімді кәдімгідей рухани түрде тәрбиеледім. Өнер көрсеткенде көбі сенбей, келіп қолымды, тісімді тексеріп жатады. Туыстарым, достарым мені қолдайды. Жерлесіміз бұл өнері арқылы күллі Ресей жұртын да таң қалдырды. Қазір сонда өтетін телешоудың ширек финалына қатыспаққа дайындалып жатыр. Бұйыртса ерекше өнер көрсетіп, рекорд жаңартуға тырысамын дейді. Сергей бүгінде Республикалық ұлан қатарында спорт шеберлерін дайындайды. Гвардияға 2006 жылы әскери борышын өтеуге келген жас сарбаз келісімшартпен қызметін жалғастырған.  Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ, ерекше өнер иесі: - Отанға қызмет ету – басты міндет. Ант еткен парызым. Мен үшін иығыма шен тағып, әскери адам атанып жүру зор абырой. Сергейдің бұл өнеріне әріптестері де, шәкірттері де тәнті. Руслан САЛАХУНОВ, шәкірті: - Ерекше өнері бар екенін әскерге келгенде бірден білген жоқпыз. Кейін білдік. Таң қалдық, бұл екінің-бірінің қолынан келе бермейтін өнер ғой. Мамыр айында тағы да «Минута славы» телешоуына барады. Жеңіспен оралады деп үміттенеміз. Ерекше өнер иесі бізді бұл ешқандай сиқыр еместігіне сендірді. Бірақ, бұл өнерді өздігінен жасайтындарға сақ болуды ескертеді.

Қағылған шегені тісімен суырып алатын адамның барына сенесіз бе? Иә, ондай адам бар. Тісі темірдей мықты адам Астанада тұрады.

Қазір Республикалық ұланда әскери қызметте. Бір қызығы үлкен шегелерді қас-қағым сәтте қолымен түйіншектеп тастайды. Жерлесіміз қазір Ресейдің «Минута славы» телешоуына қатысып, ширек финалға өтті.

Үлкен шегелерді алақанымен қағу, оны тісімен жұлып алу, сынған шыныларды жалаң аяқ басып, сындыру - Сергей Цырульников үшін түк емес. Бұл өнерді ол бір-екі жыл бұрын ғана үйрене бастаған. Қолдың күші жетпейтін затты тісімен оңай көтереді.

Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ, ерекше өнер иесі:

- Мен бұл өнерді үйренгеніме көп бола қойған жоқ. Бұрын қызығатынмын. Өнерді қолға алған соң, өзімді кәдімгідей рухани түрде тәрбиеледім. Өнер көрсеткенде көбі сенбей, келіп қолымды, тісімді тексеріп жатады. Туыстарым, достарым мені қолдайды.

Жерлесіміз бұл өнері арқылы күллі Ресей жұртын да таң қалдырды. Қазір сонда өтетін телешоудың ширек финалына қатыспаққа дайындалып жатыр. Бұйыртса ерекше өнер көрсетіп, рекорд жаңартуға тырысамын дейді.

Сергей бүгінде Республикалық ұлан қатарында спорт шеберлерін дайындайды. Гвардияға 2006 жылы әскери борышын өтеуге келген жас сарбаз келісімшартпен қызметін жалғастырған. 

Сергей ЦЫРУЛЬНИКОВ, ерекше өнер иесі:

- Отанға қызмет ету – басты міндет. Ант еткен парызым. Мен үшін иығыма шен тағып, әскери адам атанып жүру зор абырой.

Сергейдің бұл өнеріне әріптестері де, шәкірттері де тәнті.

Руслан САЛАХУНОВ, шәкірті:

- Ерекше өнері бар екенін әскерге келгенде бірден білген жоқпыз. Кейін білдік. Таң қалдық, бұл екінің-бірінің қолынан келе бермейтін өнер ғой. Мамыр айында тағы да «Минута славы» телешоуына барады. Жеңіспен оралады деп үміттенеміз.

Ерекше өнер иесі бізді бұл ешқандай сиқыр еместігіне сендірді. Бірақ, бұл өнерді өздігінен жасайтындарға сақ болуды ескертеді.

Бөлісу: