Протвино қаласындағы компьютер байқауында елордалық оқушылар 18 жүлде алды

5 Ақпан 2013, 12:59

Протвино (Ресейдің Мәскеу облысы) ғылыми қаласындағы  компьютерлік шығармашылық байқауында елордалық оқушылар 18 жүлде алды. Байқау 17-ші «Компьютерлік физика-2013» Ашық Халықаралық турнирі аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы  astana.kz  сайтына  «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті. Компьютерлік шығармашылық байқауына Астананың білім беру мекемелерінен  қазылар алқасының назарына 18 ғылыми жобаларын ұсынған 33 мектеп оқушысы қатысты. Осы жобалардың әрқайсысы жүлдеге (9 бірінші және 9 екінші орын) ие болды. Аталған жарыстың соңында «Астана дарыны» командасы  ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Негізгі физика» кафедрасының доценті Кравцов Андрей Витальевичпен кездесті. Кездесу барысында оқушылардың зерттеулеріне қатысты мәселелер талқыланды.    Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Протвино (Ресейдің Мәскеу облысы) ғылыми қаласындағы  компьютерлік шығармашылық байқауында елордалық оқушылар 18 жүлде алды.

Байқау 17-ші «Компьютерлік физика-2013» Ашық Халықаралық турнирі аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы  astana.kz  сайтына  «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті.

Компьютерлік шығармашылық байқауына Астананың білім беру мекемелерінен  қазылар алқасының назарына 18 ғылыми жобаларын ұсынған 33 мектеп оқушысы қатысты. Осы жобалардың әрқайсысы жүлдеге (9 бірінші және 9 екінші орын) ие болды.

Аталған жарыстың соңында «Астана дарыны» командасы  ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Негізгі физика» кафедрасының доценті Кравцов Андрей Витальевичпен кездесті. Кездесу барысында оқушылардың зерттеулеріне қатысты мәселелер талқыланды.  

 Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: