2017 жылы Астанада жеңіл рельсті трамвай желісін іске қосу жоспарланып отыр. Рельстің бойымен 50-ге тарта трамвай құрамасы жүреді. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімдігінен хабарлады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын әзірлеу үстінде. Жобада жылдам жүретін жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жүйесін салу ескерілген, ол қаланың негізгі көлігіне айналады және қала тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасайды.
Сарыарқа ауданы әкімдігінен хабарлағанындай, жобаны үш кезеңге бөліп салу жоспарланған. ЖРК желісінің ұзындығы 42,1 шақырымға созылады. ЖРК-ның жер бетіндегі ұзындығы 12 шақырымнан астам, эстакада жолының ұзындығы – 30 шақырым.
Бұған қоса, Астананың климаттық жағдайын ескере отырып, желдету және жылыту қондырғылары бар жабық стансалар салу жоспарланған. Жолаушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы үшін стансаларда жер асты өткелдері салынып, жеделсаты және эскалаторлармен жабдықталады. Перрон бөлігі мен жол арасында автоматты рұқсат беру жүйесі (вагон есіктерімен бір уақытта ашылатын шыны есіктер) орнатылады.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz