5 Ақпан 2013, 05:17
Шантимирова Ғалия Хибадуллақызы 1955 жылы Астрахань облысының Қаракөл ауылында туылған.
Астрахань қаласындағы педагогикалық институтты бітірген.
1985 жылдан бері Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қызмет етеді.
Шантимирова Ғалия Хибадуллақызы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушылардың және табиғат залдары экспозициясының авторларының бірі.
Маңғыстау өлкесінің табиғатын, жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін зерттеу жолындағы ғылыми экспедицияларға Германия (1995 жыл) мен Ресей (1997 жыл) ғалымдарымен бірге қатысып, үлкен тәжірибе жинақтады.
Мұражайда жасақталған тұрақты экспозициялар мен көрмелердің тақырыптық-экспозиялық жоспарынан бастап, экскурсия мәтінін дайындауға дейінгі аралықтағы барлық жұмысына үлкен жауапкершілікпен ат салысып, жас мамандарға өз білгенін үйретіп, жұмылдырып жүрген бірден-бір білікті маман, тәжірибелі тәлімгер.
Облыстағы Жаңаөзен қалалық, Бейнеу аудандық, Маңғыстау аудандық мұражайларын жасақтау ісіне үлкен үлес қосты.
Ғалия Хибадуллақызы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Алғыс хатымен», Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және Маңғыстау облысы әкімдігінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.
Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері.