Театр тарихы

5 Ақпан 2013, 03:27

2002 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театр ғимаратына 100 жыл толды. 1902 жылдың 26 қазанында Халық үйі ғимаратының алғашқы ашылуы болды. Халық үйі Өскемен қаласынының мәдени орталығына айналды. 1946 жылы Өскемен қаласының орындаушы басқармасының шешімімен ұлы қазақ ақыны Жамбылдың туғанына 100 жылдығына арналып, театрға ақынның есімі берілді. 2000 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында қазақ труппасы ашылды. Труппа ең алғашқы маусымын Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» спектаклімен ашты. Қазіргі таңда театрда екі труппа қызмет етуде. Жыл сайын 8-12 премьералар көрермендерге ұсынылуда,  театрдың режиссерлік құрамы үнемі ізденіс үстінде. Репертуарда 280 спектакль бар, оның ішінде орыс, қазақ  спектакльдерімен қатар шетелдік классиктердің пьесалары көрермендері қуантуда.. Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының қазақ труппасы 10 жылдық мерзім ішінде  отызға тарта спектакльдер қойды.  Соның ішінде жетістікке жеткен қойылымдар: 2003 жыл. Орал қаласы. Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған ХV Республикалық театрлар фестивалі. И. Ғайыптың «Махамбет»  трагедиялық спектаклі. Жас театр ұжымының дебюті номинациясы лауреаты. 2005 жыл. Қызылорда қаласы. Қ. Жандарбеков пен К. Байсейітовтің 100 жылдығына арналған ХІІІ Республикалық театрлар фестивалі. Т. Ахтанов «Әке мен бала» психологиялық драмасы. Ең үздік эпизодтық роль номинациясы. 2006 жыл. Қырғызстан. Шолпон Ата қаласы. Орта Азия театрларының халықаралық АЗЕМИ-2006 театр фестивалі. Ж.Өзубекова «Толғақ» психологиялық драмасы. Ең үздік психологиялық спектакль номинациясының лауреаты, ең үздік заманауи тақырыпқа интерпретация номинациясының лауреаты. 2008 жыл. Ақтау қаласы. Н.Жантөриннің 80 жылдығына арналған ХVІ  Республикалық театрлар фестивалі.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» драмасы. Арнайы ақшалай сыйлықпен марапатталды. 2009 жыл. Қарағанды қаласы. Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған ХVІІІ Республикалық театрлар фестивалі. Абай. «Атымды адам қойған соң...» эксперименттік қойылым. Татарстан.Қазан қаласы.2012 жыл мамыр-маусым айлары.Х халықаралық түркітілдес халықтарының «Науруз» фестивалінің лауреаты.Х халықаралық түркітілдес халықтарының «Науруз» фестивалінде Татарстан Республикасының мәдениет министрі А.М.Сибагатуллиннің дипломымен, Татарстан Республикасының президентінен Алғыс хатпен марапатталды. Театр-Қазақстан Республикасындағы театр өнерінің халықаралық  жоғары дәрежесінде.

2002 жылдың желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театр ғимаратына 100 жыл толды.
1902 жылдың 26 қазанында Халық үйі ғимаратының алғашқы ашылуы болды. Халық үйі Өскемен қаласынының мәдени орталығына айналды.
1946 жылы Өскемен қаласының орындаушы басқармасының шешімімен ұлы қазақ ақыны Жамбылдың туғанына 100 жылдығына арналып, театрға ақынның есімі берілді.
2000 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрында қазақ труппасы ашылды. Труппа ең алғашқы маусымын Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» спектаклімен ашты. Қазіргі таңда театрда екі труппа қызмет етуде. Жыл сайын 8-12 премьералар көрермендерге ұсынылуда,  театрдың режиссерлік құрамы үнемі ізденіс үстінде.
Репертуарда 280 спектакль бар, оның ішінде орыс, қазақ  спектакльдерімен қатар шетелдік классиктердің пьесалары көрермендері қуантуда..

Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театрының қазақ труппасы 10 жылдық мерзім ішінде  отызға тарта спектакльдер қойды.  Соның ішінде жетістікке жеткен қойылымдар:
2003 жыл. Орал қаласы. Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған ХV Республикалық театрлар фестивалі. И. Ғайыптың «Махамбет»  трагедиялық спектаклі.
Жас театр ұжымының дебюті номинациясы лауреаты.

2005 жыл. Қызылорда қаласы. Қ. Жандарбеков пен К. Байсейітовтің 100 жылдығына арналған ХІІІ Республикалық театрлар фестивалі. Т. Ахтанов «Әке мен бала» психологиялық драмасы.
Ең үздік эпизодтық роль номинациясы.

2006 жыл. Қырғызстан. Шолпон Ата қаласы. Орта Азия театрларының халықаралық АЗЕМИ-2006 театр фестивалі. Ж.Өзубекова «Толғақ» психологиялық драмасы.
Ең үздік психологиялық спектакль номинациясының лауреаты, ең үздік заманауи тақырыпқа интерпретация номинациясының лауреаты.

2008 жыл. Ақтау қаласы. Н.Жантөриннің 80 жылдығына арналған ХVІ  Республикалық театрлар фестивалі.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» драмасы. Арнайы ақшалай сыйлықпен марапатталды.

2009 жыл. Қарағанды қаласы. Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған ХVІІІ Республикалық театрлар фестивалі. Абай. «Атымды адам қойған соң...» эксперименттік қойылым.
Татарстан.Қазан қаласы.2012 жыл мамыр-маусым айлары.Х халықаралық түркітілдес халықтарының «Науруз» фестивалінің лауреаты.Х халықаралық түркітілдес халықтарының «Науруз» фестивалінде Татарстан Республикасының мәдениет министрі А.М.Сибагатуллиннің дипломымен, Татарстан Республикасының президентінен Алғыс хатпен марапатталды. Театр-Қазақстан Республикасындағы театр өнерінің халықаралық  жоғары дәрежесінде.

Бөлісу: