2012 жылы еліміздегі жылыжайлардан 60 мың тонна көкөніс алынған. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Соңғы 3 жылдың ішінде жаңа технологиялармен қамтылған 15 ірі өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды. Барлық аймақтарда-дерлік жеңілдетілген технологияларға сәйкес шағын жылыжайлар салынып жатыр. Жабық егістік аумағы бүгінде 505 гектарды құрайды. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 9 есе артық. Ерте піскен көкөністер ішкі нарық сұранысын 66% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді А.Мамытбеков.
«2008 жылы жабық топырақта өндірілетін көкөніс көлемі 3 мың тонна болса, 2012 жылы аталмыш көрсеткіш 20 есе артып 60 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы бұл бағытты ынталандыру жұмысын жалғастыратын боламыз», - деді А.Мамытбеков.
Диана Құлмағанбетова