Соңғы 5 жылда тамшылатып суару технологиясы қолданылатын егіс алқабы 39 есе ұлғайды – А. Мамыт

4 Ақпан 2013, 13:15

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков соңғы 5 жылда тамшылатып суару технологиясы қолданылатын егіс алқабы 39 есе артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2012 жылы өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 120,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 53,4 млрд теңге субсидия түрінде бөлінген. Бұл рете қаржыны бөлу механизмдерінің әрдайым жетілдіріліп отыратындығын айтқан жөн. Мысалы, тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып шаруа жоғары нормативтерге сәйкес субсидия ала алады. Көрсетіліп жатқан қолдаудың және «ҚазАгро» желісі бойынша несиелендірудің арқасында 2012 жылы тамшылатын суару технологиясы қолданылатын жер көлемі 28 мың гектарға дейін жетті», - деді А.Мамытбеков. Министрдің айтуынша, осыдан 5 жыл бұрын аталған көрсеткіш 713 гектар көлемінде болған, яғни егістік көлемі 39 есе артып отырғанын көруге болады. Диана Құлмағанбетова

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков соңғы 5 жылда тамшылатып суару технологиясы қолданылатын егіс алқабы 39 есе артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012 жылы өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 120,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 53,4 млрд теңге субсидия түрінде бөлінген. Бұл рете қаржыны бөлу механизмдерінің әрдайым жетілдіріліп отыратындығын айтқан жөн. Мысалы, тамшылатып суару технологиясын қолдана отырып шаруа жоғары нормативтерге сәйкес субсидия ала алады. Көрсетіліп жатқан қолдаудың және «ҚазАгро» желісі бойынша несиелендірудің арқасында 2012 жылы тамшылатын суару технологиясы қолданылатын жер көлемі 28 мың гектарға дейін жетті», - деді А.Мамытбеков.

Министрдің айтуынша, осыдан 5 жыл бұрын аталған көрсеткіш 713 гектар көлемінде болған, яғни егістік көлемі 39 есе артып отырғанын көруге болады.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу: