М.Құл-Мұхаммед мәдениет нысандарын облыстық бюджеттің есебінен салуды ұсынды

4 Ақпан 2013, 10:59

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед облыстық бюджеттің есебінен мәдениет нысандарын салуды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Біздің саладағы ең үлкен мәселелердің бірі – бұл жергілікті жердегі мәдениет объектілерін қаржыландыру мәселесі. Өңірлерде салынатын мәдениет объектілері республикалық бюджеттен қаржыландырылуы керек деген пікір қалыптасқан. Қазіргі кезде кейбір өңірлердің қаржылық әлеуеті әлдеқайда зор. Бір емес, бірнеше объектілер салуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан сіздер алдағы уақытта республикалық бюджетке қарап, алақандарыңызды жайып отырмай, облыстық бюджеттің негізінде, мемлекеттік - жеке меншік әріптестік деңгейінде мәдениет нысандарын салуға бар күштеріңізді жұмсауыңыз керек деп есептеймін», -деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі. Айымгүл Әбілева  

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед облыстық бюджеттің есебінен мәдениет нысандарын салуды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біздің саладағы ең үлкен мәселелердің бірі – бұл жергілікті жердегі мәдениет объектілерін қаржыландыру мәселесі. Өңірлерде салынатын мәдениет объектілері республикалық бюджеттен қаржыландырылуы керек деген пікір қалыптасқан. Қазіргі кезде кейбір өңірлердің қаржылық әлеуеті әлдеқайда зор. Бір емес, бірнеше объектілер салуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан сіздер алдағы уақытта республикалық бюджетке қарап, алақандарыңызды жайып отырмай, облыстық бюджеттің негізінде, мемлекеттік - жеке меншік әріптестік деңгейінде мәдениет нысандарын салуға бар күштеріңізді жұмсауыңыз керек деп есептеймін», -деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

Айымгүл Әбілева

 

Бөлісу: