«Жаңа музейдің жалпы көлемі алпыс екі мың шаршы метр. Біздің Алматыдағы орталық мемлекеттік музейдің экспозициялық залы сегіз мың шаршы метр ғана екенін ескеретін болсақ, бұл Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы теңдесі жоқ мүзей болайын деп отыр. Оның құрамында тарихи, осы заманғы өнер, алтын бұйымдары музейі бір кешенде орналасатын болады, - деді министр.