Зиманов Салық

3 Ақпан 2013, 13:29

Заңгер-ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор. 1921 жылы 19 ақпанда Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында дүниеге келген. 1939 жылы  Форт-Шевченкода (Маңғыстау облысындағы портты қала) Киров  атындағы мектепте  мұғалім болып қызмет еткен.  1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Артиллерия полкын басқарып, гвардия майоры, дивизия командирінің орынбасары,  подполковник дәрежесін иеленген. 1946 - 1948 жылдар аралығында Атырау облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінде тағылымдамашы, бөлім прокуроры, бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, Қазақстан Республикасы прокуратурасының маңызды істер жөніндегі тергеушісі қызметтерін атқарған. 1948 жылы Заң институтын  бітірген. 1948-1952 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құқық секторының аспиранты, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі болып қызмет етеді. 1952-1956 жылдары  Алматы заң институтының директоры, 1957-1969 жылдары  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясын Философия және құқық институтының директоры қызметтерін атқарған. 1961 жылы заң ғылымдарының докторы, 1964 жылы профессор, 1967 жылы  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі ғылыми атақтарын иеленген. 1969 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының Құрметті директоры болып табылады. 1971 жылы  Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағын иеленеді. 1976 -1977 жылдары  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумының бас ғалым-хатшысы болған. 1983 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының  Шоқн Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты атанды. 1990-1995 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1992 жылы «Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының лауреаты атанды. 1995 жылдан  Қазақ академиялық  университетінің (тәуелсіз) ректоры қызметін атқаруда. 1999 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі. С.3иманов өзінің «Қазақтардың 19 ғасырдың 1-жартысындағы қоғамдық құрылысы», «Қазақстанның 18 ғасырдың соңы мен 19-дың алғашқы жартысындағы саяси құрылысы» атты еңбектерінде және «Абай ережелері»атты Ғылыми мақаласында (ҚазақССР, қысқаша энциклопедия. 1-том, - Алматы, 1984) Абайдың қазақ тарихындағы алатын орнына жоғары баға беріп, қазақтардың әдет-ғұрып заңдарын жетілдіруге қосқан үлесі мен праволық көзқарастарын саралады. І және ІІ – дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», «Отан» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Заңгер-ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор.
1921 жылы 19 ақпанда Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында дүниеге келген. 1939 жылы  Форт-Шевченкода (Маңғыстау облысындағы портты қала) Киров  атындағы мектепте  мұғалім болып қызмет еткен.  1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Артиллерия полкын басқарып, гвардия майоры, дивизия командирінің орынбасары,  подполковник дәрежесін иеленген.
1946 - 1948 жылдар аралығында Атырау облыстық прокуратурасының тергеу бөлімінде тағылымдамашы, бөлім прокуроры, бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, Қазақстан Республикасы прокуратурасының маңызды істер жөніндегі тергеушісі қызметтерін атқарған.
1948 жылы Заң институтын  бітірген. 1948-1952 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құқық секторының аспиранты, аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісі болып қызмет етеді. 1952-1956 жылдары  Алматы заң институтының директоры, 1957-1969 жылдары  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясын Философия және құқық институтының директоры қызметтерін атқарған. 1961 жылы заң ғылымдарының докторы, 1964 жылы профессор, 1967 жылы  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі ғылыми атақтарын иеленген. 1969 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының Құрметті директоры болып табылады.
1971 жылы  Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағын иеленеді. 1976 -1977 жылдары  Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумының бас ғалым-хатшысы болған. 1983 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының  Шоқн Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты атанды. 1990-1995 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1992 жылы «Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының лауреаты атанды. 1995 жылдан  Қазақ академиялық  университетінің (тәуелсіз) ректоры қызметін атқаруда. 1999 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі.
С.3иманов өзінің «Қазақтардың 19 ғасырдың 1-жартысындағы қоғамдық құрылысы», «Қазақстанның 18 ғасырдың соңы мен 19-дың алғашқы жартысындағы саяси құрылысы» атты еңбектерінде және «Абай ережелері»атты Ғылыми мақаласында (ҚазақССР, қысқаша энциклопедия. 1-том, - Алматы, 1984) Абайдың қазақ тарихындағы алатын орнына жоғары баға беріп, қазақтардың әдет-ғұрып заңдарын жетілдіруге қосқан үлесі мен праволық көзқарастарын саралады.
І және ІІ – дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», «Отан» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Бөлісу: