Ахмедияров Қаршыға

3 Ақпан 2013, 12:21

Қазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, сазгер-домбырашы.  1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы малдәрігерлік институтында оқыды. 1964 жылы консерваторияға дайындық курсына және Құрманғазы атындағы оркестрге жұмысқа қабылданды. 1972 жылы консерваторияны бітірді. 1973 жылы домбырашылар тобының концертмейстері, 1977 жылдан консерватория ұстазы қызметтерін атқарды. 1981 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын иеленді. 1982 жылы «Махамбет. Шашақты найза- шалқар күй» жинағы жарық көрді. 1982 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. 1983-1988 жылдар аралығында Москва қаласындағы Н.Осипов атындағы академиялық оркестрдің стажер-дирижері болды. 1991 жылы Қазақстанның халық әртісі атағына, 1993 жылы профессор ғылыми жоғары атағына ие болды. 1994 жылы «Атырау» күйлер жинағы  (МГП «Принт», ИФВЭ НАН РК) жарыққа шықты. 1994 жылдан домбыра кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1995 жылы жарық көрген «Құрманғазы. Сарыарқа» күйлер жинағын құрастырды, кейбір күйлерді редакциялап хаттады, көптеген жаңа күйлерді тапты. 1996 жылы жеке үнтаспасы шықты. 1996 жылы «Жігер» Дәулеткерей – күйлер жинағы, 1996 жылы «Төремұрат» (үнтаспа) жинақтары, 1997 жылы «Әсем қоңыр» Дина күйлер жинағы, 1999 жылы «Шынар» күйлер жинағы шықты. 2000 жылы Парасат орденінің иегері атанды. 2000 жылы «Табыну» күйлер жинағын шығарды. 2000 жылдан бастап радио-телевидение қорына мол күй мұрамен көптеген мәдени  хабарларға қатысты. 2001 жылы «Қазақ халқының аспаптық музыкасы» (компакт-диск) жарыққа шықты. 1973 жылдан бері 10-нан аса үлкен күйтабақ жазылды. 1973 жылдан бері жинаған 500-ден аса күй радио-телевизия мұрағатында сақтаулы. 2002 жылы 62 күйді радио қорына жаздырды. 2002 жылы 22 күйден құралған компакт-диск шығарды. 2002 жылы Махамбеттің 200 жылдығына орай 30-ға тарта концерт берді.  2002 жылдың өзінде ғана оның қатысуымен бірнеше мемлекеттік концерт, кездесу, күй кештері өткізілді. 2002 жылы «Күйші Қали» - күйлер жинағы жарық көрді. 2003 жылы «Күй Ұран» - төл туындылары, 2003 жылы «Табыну» компакт дискісі Америка Құрама Штаттарында жарық көрді. 2003 жылы «Махамбет күйлері» компакт дискісі шығарылды. 2004 жылы «Мәңгілік сарын», Домбыра-думан компакт диск (авторлармен бірге) шығарды. 2005 жылы Қазақ радиосына өзінің 85 күйін жаздырды. 2010 жылы «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жинағына 30-ға тарта сирек орындалатын күйлерді орындаушы ретінде енген. 2010 жылы өмірден өтті.

Қазақстанның Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, сазгер-домбырашы. 
1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында дүниеге келген.
1964 жылы Алматы малдәрігерлік институтында оқыды. 1964 жылы консерваторияға дайындық курсына және Құрманғазы атындағы оркестрге жұмысқа қабылданды. 1972 жылы консерваторияны бітірді. 1973 жылы домбырашылар тобының концертмейстері, 1977 жылдан консерватория ұстазы қызметтерін атқарды. 1981 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын иеленді. 1982 жылы «Махамбет. Шашақты найза- шалқар күй» жинағы жарық көрді. 1982 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. 1983-1988 жылдар аралығында Москва қаласындағы Н.Осипов атындағы академиялық оркестрдің стажер-дирижері болды.
1991 жылы Қазақстанның халық әртісі атағына, 1993 жылы профессор ғылыми жоғары атағына ие болды. 1994 жылы «Атырау» күйлер жинағы  (МГП «Принт», ИФВЭ НАН РК) жарыққа шықты. 1994 жылдан домбыра кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1995 жылы жарық көрген «Құрманғазы. Сарыарқа» күйлер жинағын құрастырды, кейбір күйлерді редакциялап хаттады, көптеген жаңа күйлерді тапты. 1996 жылы жеке үнтаспасы шықты. 1996 жылы «Жігер» Дәулеткерей – күйлер жинағы, 1996 жылы «Төремұрат» (үнтаспа) жинақтары, 1997 жылы «Әсем қоңыр» Дина күйлер жинағы, 1999 жылы «Шынар» күйлер жинағы шықты. 2000 жылы Парасат орденінің иегері атанды.
2000 жылы «Табыну» күйлер жинағын шығарды. 2000 жылдан бастап радио-телевидение қорына мол күй мұрамен көптеген мәдени  хабарларға қатысты. 2001 жылы «Қазақ халқының аспаптық музыкасы» (компакт-диск) жарыққа шықты. 1973 жылдан бері 10-нан аса үлкен күйтабақ жазылды. 1973 жылдан бері жинаған 500-ден аса күй радио-телевизия мұрағатында сақтаулы. 2002 жылы 62 күйді радио қорына жаздырды. 2002 жылы 22 күйден құралған компакт-диск шығарды. 2002 жылы Махамбеттің 200 жылдығына орай 30-ға тарта концерт берді.  2002 жылдың өзінде ғана оның қатысуымен бірнеше мемлекеттік концерт, кездесу, күй кештері өткізілді. 2002 жылы «Күйші Қали» - күйлер жинағы жарық көрді.
2003 жылы «Күй Ұран» - төл туындылары, 2003 жылы «Табыну» компакт дискісі Америка Құрама Штаттарында жарық көрді. 2003 жылы «Махамбет күйлері» компакт дискісі шығарылды. 2004 жылы «Мәңгілік сарын», Домбыра-думан компакт диск (авторлармен бірге) шығарды. 2005 жылы Қазақ радиосына өзінің 85 күйін жаздырды. 2010 жылы «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жинағына 30-ға тарта сирек орындалатын күйлерді орындаушы ретінде енген. 2010 жылы өмірден өтті.

Бөлісу: