Алашорда көсемдерінің бірі, дәрігер, ғалым, публицист, 1883 жылы 24 сәуірде Қызылқоға ауданында дүниеге келген.
Орал реалдық училищесін үздік (1903 ж), Санкт – Петербург Императорлық Әскери академиясын алтын медальмен (1909 ж) бітірген. 1909-13 ж. Пермь губерниясында, 1 – Түркістан, 2 – Орал орыс-казак атқыштар батальеонында әскери дәрігер, 1913-17 ж. Темір уезінде дәрігерлік қызмет атқарды.
Халел Досмұхамедов 1905 жылдан бастап саяси күреспен айналыса бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанның бес облысы игі жақсылары бас қосқанОралдағы жиынға қатысып, қазақ халқы тәуелсіздігін ту еткен Алаш қозғалысының жұмысына белсене араласады. 1913 жылы әскери дәрігерлік қызметін тастағаннан кейін біржолата Алаш қозғалысына ден қойып, оның саяси қызметіне араласа бастайды. 1913 жылы «Қазақ» газеті ұйымдасқанда оның тұрақты авторы ретінде қатысып отырады. 1917 жылдың Ақпан революциясынан кейін Халел Досмұхамедов Қазақстанның батысында Алаш қозғалысын өрістетіп, 1917 жылы 19-22 сәуірде өткен 800-ден астам делегат қатысқан Орал облыстық съезінің жұмысына белсене араласып, облыстық комитет мүшелігіне сайланды. 1917 жылы 1-11 мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегат ретінде қатысқан, бүкілресейлік саяси күреске тартылады. 1917жылы 21-28 шілдеде Орынборда өткен I Бүкілқазақтық съезге төрағалық етіп, онда бүкілқазақтық Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері Орынборда өткен Жалпықазақ съезіне төрт адамның бірі ретінде съездің тең төрағасы болып сайланып, 15 адамнан тұратын «Алашорда» үкіметінің мүшелігіне өтеді. «Алашорда» тапсырмасы бойынша Халел Жаһанша Досмұхамедовпен бірге 1918 жылы РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.В.Ленин және Ұлт істері Халық комиссары И.В.Сталинмен Алашорда және кеңес өкіметінің арақатынасына байланысты келіссөздер жүргізеді. Азамат соғысы жылдарында Алаш қозғалысының бір орталыққа бағынған біртұтас қызметін жүргізу қиын болған кезеңде Халел 1918 жыдың 18-22 мамырында Жымпиты қаласында өткен Орал казактары 4–облыстық съезінде Мәскеуде өткен келіссөз барысын баяндап, съезд шешімі бойынша Ойыл уәлаятының Уақытша өкіметін құрды. 1918 жылдық қыркүйек айында Ойыл уәлиятының орнына Батыс Алашордасы құрылып, оның басшылығына Жаһанша Досмұхамедов тағайындалды. Осылайша Халел Досмұхамедов Алашорданың өзге қайраткерлерімен бірге Алаш партиясының жұмысына, Алаш автономиясын жариялау ісіне, Алашорда үкіметін құруға белсене ат салысып, оның басшылары қатарында болды.
1920 жылы Алаш қызметіне тыйым салынған соң, бұдан кейінгі саяси қызметтің тиімсіздігін түсінген Халел бүкіл күш-жігерін ғылым-білімге жұмсайды. 1920-25 жТашкенттегі Орта Азия университеті медицина факультетінің ординаторы, Түркістан Автономиялық Республикасы Орталық Атқару Комитеті жанындағы Қырғыз-қазақ Білім комиссиясының төрағасы қызметін атқарады. 1926 жылы Қазақ Жоғары педагогикалық институтының проректоры. Х.Досмұхамедов 1927 жылы 21 наурызда Қазақ мемлекеттік университетін (кейінгі ҚазПИ,қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) құру жөніндегі комиссияның төрағасы қызметін атқарып, кейін оның проректоры, доценті (1926), профессоры (1929) болды.1930 жылы Алашордаға қатысқаны үшін саяси айып тағылып, Воронеж қаласына жер аударылды. 1938 жылы 26 шілдеде тұтқынға алынып, 1939 жылы 23 сәуірде атылған.