1927 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Балалық шағын Доссорда өткізеді.
1950 жылы ҚазМУ-ді бітіргеннен кейін, 1950-1962 жылдар аралғында сонда ассистент, аға оқытушы, 1962 жылдан доцент, профессор, 1975 жылы кафедра меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы т.б қызметтерді үздіксіз ұстаздық еңбекпен қоса атқарды.
Зейнолла Қабдолов Көркем әдебиеттегі алғашқы қадамын өлең, әңгіме жазудан бастады. Қазақ прозасындағы студент-жастар тақырыбын тұңғыш қозғаған, шындықты суреттеудегі шұрайлы тілі мен шынайы стилін, мінез жасаудағы нәзік сыршылдығы мен хас шеберлігін қалың оқырманға алғаш аңғартқан «Өмір ұшқыны» повесі (1956 жыл), ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан еңбек эстафетасын парақтаған «Біз жанбасақ» диологиясы (1974 жыл), жазушынаң заман мен замандас жайын жырлап, «Өз дәуірінің үні» ретіндегі азаматтық келбетін танытатын «Адам» (1964 жыл), «Сыр» (1975 жыл) атты әңгімелер мен очерктер жинағы; көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін жан-жақты зерттеп-зерделейтін «Сөз өнері» монографиясы (1976 жыл), ұлы тұлғаның ғажайып тағдырын толғап, дана дидарын тұлғаландырған, мазмұны мен пішіні, жанры мен стилі жаңа машықтағы «Менің Әуезовім» роман-эссесі (1997 жыл) т.б туындылары жарық көрді. «Сөнбейтін от» пьесасын (1967 жыл), «Мұхтар аға» (1967 жыл) деректі фильмінің сценарийін жазды. Сондай-ақ көрмедегі «Жалын» кітабы Ембі мен Маңғыстау мұнайшыларының тастан қашалғандай бедерлі бейнелерін (Сардар, Қабен т.б) сомдап, КСРО Жазушылар одағының арнаулы сыйлығын алса (1972 жыл), ал «Арна» монографиясы қазіргі қазақ әдебиетінің күрделі де іргелі мәселелерін терең талдап-тексереді. Екі монографиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының I дәрежелі Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығына ие болды.
Зейнолла Қабдолов – Қазақстан Республикасының халық жазушысы (1994 жыл), әдебиет зерттеуші ғалым, ұстаз, филология ғылымының докторы (1970 жыл), профессор (1972 жыл), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1989 жыл), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1984 жыл) және Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1995 жыл), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1998 жыл).