Қаз дауысты Қазыбектің тағылымы

2 Ақпан 2013, 15:13

Қай халықтың болмасын тарихы елінің зердесінде өшпес із қалдырған аса көрнекті жеке тұлғалардың атымен тығыз байланысты. Тарихи ауқымды зор тұлғаларды дәуір туғызады.  Қазақ халқының сондай тұлғаларының бірі XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Қазақ хандығының ұлы үш биінің бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәмілегер, дипломат, шешен, азаттық күрестің көсемдерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы. Қаз дауысты Қазыбек 1667 жылы Сыр өңірінің Түркістан атырабында дүниеге келген. 1764 жылы Қарағанды облысының Се­мізбұғы мекенінен шамасы 16-18 ша­қы­рым қашықтықта Далба тауының түстік беткейінің Қарағайлы бұлақ деген жердегі жайлауында 97 жасында қыс айларының басында өмірден озған. Оның мүрдесін ақ жуып, арулап, былғарыға тігіп, қыс бойы төрт таған тасқа орнатылған сөренің үс­тіндегі киіз үйде аманат ретінде сақтап, көктем шыға үлкен ұлы Бекболат бастаған Арқаның 40 батыры мен ел ағалары қасиетті Түркістанға жеткізіп, әулие Кожа Ахмет Йассауи сағанасына жерлеген. (Стамболдың Ая София, Уфаның «Ғалия» медреселерінің түлегі Жайсақұлы Камалидденнің (1882-1954) қолжазба шежіресінен). XVIII ғасырдың 23-25-жылдары қа­зақ хал­қына үлкен ауыртпалық әкелген «Ақ­табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіреті мен онан кейін 30-жылдары қайталанған жоңғар шапқыншылықта­рынан елді аман сақтап қалу мақсатымен Қа­зыбек баба (оны ұрпақтары осылай атай­ды) өзінің ұрпақтары және бүкіл Бошан әулетімен Сыр бойынан Арқаға көшіп, Ұлытау, онан соң 40-жыл­да­ры Қараған­ды облысының бұрынғы Егін­дібұлақ ауда­нының Едірей, Үшқара, Ар­қалық т.б. жер­леріне қоныстанған. Бабаның ұрпақтары осы өңірде бүгінгі күнге дейін мекендейді. Олардың жайлауы осы мекенмен жапсарлас Далба тауының өңірінен Баян тауының батыс бағытындағы Шідерті өзенінен өтіп, Ерейментауға дейінгі алқап болған. Кейіннен өрісі тарылған Сү­йін­дік елінің тілегі бойынша Қаз дауысты Қазыбектің ұрпақтары өздерінің жайлауын оңтүстікке Қарқаралы бағытына, Нұра өзе­ніне қарай ауыстырған (Жайсақұлы Ка­малидден.., көрсетілген дерек). Қазыбек бидің аттары белгілі Тіленші, Ал­шынбай т.б. ұрпақтары осы жайлауда (Қа­рағанды облысының бұрынғы Ульянов ауданының Бабаев атындағы совхоз жері) отырғанда дүниеден қайтып, топырақ осы жерден бұйырған (Мәшһүр Жүсіп Көпей­ұлы. Қазақ шежіресі. Алматы: Жалын, 1993. 61б.) Қаз дауысты Қазыбектің шыққан ар­ғы тегі – Арғын тайпасының Қаракесек ата­лып кеткен Болатқожа елі, бергісі – қазақ халқына аты мәлім Шаншар абыз. Шаншар абыздан Қазыбектің әкесі Келдібек туады. Шежіре деректеріне жүгінсек, Шаншар абыздың Есім ханның (1598-1645) алдында еңбегі мен беделі ерекше болған, Келдібектің өзі болса, Қаракесек ғана емес, бүкіл Арғын еліне билік айтар қазы болыпты...(Сәрсекеев М. Тарақты және Қаракесек шежіресі. Алматы: «Атамұра», 1995, 68-69 б.). Келдібекұлы Қазыбектің өзі туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер мен бидің өзінен жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін ата жолы заңдарын мейлінше меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам бол­ған­дығын айқын көрсетеді (Қазақстан. Ұлт­тық энциклопедия. Т.5. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2003, 457 б.). Тәуке ханның (1680-1718) Қаз дауысты Қазыбекті Орта жүздің бас биі етіп таға­йын­дауына оның осы қасиеттері негіз болса керек. Қазыбек би әз-Тәуке тұсында хан ке­ңесінің белді мүшелерінің бірі, кейін Сә­меке, Әбілмәмбет, Абылай ел басқарған ке­зеңдерде хандықты басқару ісіне жиі араласқан, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңес беріп отырған терең ойлы би болды. Бұл тұжырымды Сібір губернаторы мін­детін атқарушы генерал-майор Фрауен­дорфтың Ресейдің сыртқы істер алқасына (коллегиясына) 1753 ж. 11 наурызда жазған мәлімдеме-хатындағы пікірі толықтыра түседі. Осы деректе: «Қазыбек би бүкіл Орта жүздегі ең басты би болып табылады.Оған Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары әрқашан да келіп, әртүрлі ке­ңес­тер алады, тіпті Қазыбек бидің келі­сі­мін­сіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мә­селе ше­шіл­мейді екен», – деп жазылған (Ка­захско-русские отношения в XVI-XVIII веках.Сб. документов и материалов. Алма-Ата, 1961. С.648; Абылай хан. Өмірі мен қыз­метіне қатысты құжаттар мен мате­риал­дар жинағы.Петропавл: ЖШС Астана, 2005 ж., 352 б.). Қаз дауысты Қазыбек мемлекет істері­мен қатар, ру ішінде немесе ру аралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыс­тарға да әділ билігін айтып отырған. Мә­селен, 1748 ж. тамыз айында болған Әбілқа­йырдың өлімінен кейін кек алмақ болған оның балаларынан сескеніп Орта жүздің Арғынына арқа сүйемек болған Барақ сұлтанға, оның жақын кеңесшісі бола тұра Қазыбек би: «біз сен үшін Кіші жүзбен ай­тыс­паймыз» деген екен (Орынбор ОММ. 3-қ. 1-т.,2-іс, 248-249 пп.). Ел ішінде қара қылды қақ жарған, алты алаштың ардағы аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің бұл Орта жүз бен Кіші жүз араларын ушықтырмай, мәмілеге келтіру арқылы олардың бірлігін сақтауды мақ­сат еткен даналығын көрсетеді. Сөйтіп, Ба­рақ сұлтанның кінәсін қарау мәселесі би­лер сотына тапсырылыпты. Қаз дауысты Қазыбек өмір сүрген та­-лас-тартыс пен дауға толы күрделі заманда оның Қазақ хандығының ішкі саясатында атқарған қызметінің басты мақсаты – қа­зақ елінің бірлігі мен ынтымағын сақтап, бір орталыққа біріккен мемлекеттігін нығай­та түсу болған. Бұл саясатты жүзеге асыруда Тәуке хан­ның басшылығымен қабылданған «Жеті Жарғының» тарихи маңызы ерекше болды.Осы заң жинағының дайындалуына Қа­зы­бек бидің атқарған қызметі көңіл ау­да­рарлық. Қаз дауысты Қазыбектің «Жеті Жар­ғыны» дайындаудағы ерекше қызметін оның қызы Қамқа (Манқап) әкесіне ар­наған жоқта­уында: – Қазаққа деп заң жасап, Қазыбектің қасқа жол, Артында мирас қалғаны. Шариғат айтқан жол емес, Законға тағы қол емес, Соларменен бірдей ғып, Қазаққа бір жол салғаны, – деп жыр­лаған (Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы: Жалын, 1991, 152 б.). Қамқаның осы күнге дейін бізге келіп жеткен осы жоқтау жыры Қаз дауысты Қа­зыбектің өмір тарихының баға жетпес құнды тарихи дерегі екендігін мойында­уымыз керек. Қамқаның әкесіне арнаған жоқтау жыры Қазыбек бидің «Жеті Жарғыны» да­йындауда қандай рөл атқарғанын аң­ғартады. Дана би Қазыбектің «Жеті Жарғыны» да­йындаудағы парасат қабiлеті мен білімі туралы этнолог, профессор Ж.Артықбаев: «Ол (демек Қазыбек би – Қ.Е.) өзіне дейінгі билік жолдарымен толық танысып, сонау Ғұн дәуірінен, тіпті Сақтан бастау алатын көпшілік ортасындағы құқық дәстүрін иге­ріп, сонымен қатар әдет-ғұрып заңдары мен шариғат арасындағы күрделі байла­ныс­­тар мен қайшылықтарды да шешу мүм­кіндігі­­не ие болды» деген тұжырым жа­сай­ды (Жам­был Омари. Қаз дауысты Қа­зы­бек би. Астана: Фолиант, 2000, 135б.). Сөйтіп, «Жеті Жарғыда» Қазақ хан­ды­ғында ел басқару жүйесі идеясының негізі жасалып, халқымыздың тарихи болашақ тағдырына жол көрсеткен маңызы ерекше құжат болды. Қазыбек би қазақ елінің сыртқы сая­сатында, әсіресе, қазақ-жоңғар қатынаста­рын­да елші ретінде ерекше белсенділік та­нытып мәмілегер, дипломат болғаны қазақ халқына белгілі. Ел ішінде сақталып, аңызға айналған әңгімелер мен шежіре мағлұ­мат­та­рында қалмақ пен қазақ арасындағы бол­ған шапқыншылықты бітістіру мақса­тын­да Қаз дауысты Қазыбектің қонтайшы­ға елші ретінде 3 рет барғаны баяндалады. Оның алғашқы елшілік сапары 1681-1684 жылдары жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан Бошоқту уақытында Жетісу мен Сыр бойына салған ойранынан соң Арғын ішінде Сүйіндік руының Айдабол ұрпағы Тайкелтір би басқарған елшілермен бірге болған. Кейбір авторлардың пікірінше, сол кезде Қазыбектің жасы 13-14-те еді деп жа­зып жүр. Бұл – жаңсақ пікір. Өйткені Қам­қа әкесін жоқтауда: – Белгілі шығар Алашқа Қоңтажыға барғаның. Он сегізде сол күнде, Қалмақты сынға алғаның. Қазақты жоқтап қалмақтан, Араға сөзді салғаның: Қалмақтың ханы Қоңтажы Жауаптан ұстап алғаның. Босатып едің, жан әкем, Тұтқында қазақ қалғанын. Талап алған шабынды, Қайтарып алдың бар малын. Олқысыз тоқсан жесірді, Сол жерде анық алғаның. Қалмақ пен қазақ бас қосып, Екі ұдай болған тобында Алдыңа бір жан салмадың, – деп жыр­лаған. (Ахмет Байтұрсынов... көрсетілген еңбек, 151б.). Қаз дауысты Қазыбектің жоңғар хан­дығына барған осы елшілік ерлігіне Шоқан Уәлиханов өзінің «XVIII ғасырдың батыр­лары туралы тарихи аңыздар» деген мақа­ласында жоғары баға берген еді.(Валиханов Ч.Ч.Собр.соч. в пяти томах.-Т.1-Алма-Ата, 1961. – С.222.) 1718ж. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоңғар шапқыншылығы бұрынғыдан да үдей түсті. Сонымен қатар ел ішінде төре ұрпақтарынан шыққан хандар мен сұлтан­дардың хан тағына таласу озбырлығы Қа­­зақ хандығының бірлігі мен саяси-қоғам­­дық жағдайын әлсіретті. Соның негізінде бір ор­талықтанған хандық ыдырап,әрқайсы­­сы жекелеген Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз хандықтары пайда болды. Сөйтіп, Қазақ елі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубетінен үлкен күй­зеліске ұшырады. Алайда мұнымен жоңғар шапқын­шылығы тыйылмады. 1731 жылы Кіші жүз Ресейдің бодан­ды­ғын қабылдады, Ұлы жүз жерін 1735ж. Жоң­ғария хандығы басып алып, өзінің саяси билігін орнатты. Сонымен, ұлттық тәуелсіздік жолын­дағы күрестің бар ауыртпалығы Орта жүзге түсті. Осы кезеңде қолбасшылық қабілеті­мен Абылай сұлтанның аты шықты, ал Қа­зыбек би халықтың жалпы патриоттық күресінің нақты басшысы болды. Тарихи оқиғалар қарапайым халық ортасынан шыққан Қазыбек Қелдібекұлын өз дәре­жесіне көтерді. Сонымен бірге Қазыбек би бей­біт өмір үшін күрескер дипломат та болды. Қаз дауысты Қазыбек Анна Иоанқы­зы­ның (1730-1740) патшалық құрған кезінде қазақ елінің Ресейдің қол астына кіруіне Арғын руының атынан патшаға сенім біл­дірген (Казахско-русские отношения..., 647, 648бб.; Абылай хан. Өмірі мен қыз­ме­тіне қатысты құжаттар мен материал­дар­­дың жинағы. Петропавл, 2005.352, 353 бб.). Осы пейілінен қайтпаған көреген би 1741 жылы Елизавета Петрқызының патша тағына отыруына байланысты Ор (Орск) бекінісіндегі тайный советник, сенатор Неплюевке ант беруге барған Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанға өзі­не қарайтын ел ағаларын қосып, жазған хатында Арғын руының атынан ант беруге дайын екендігін білдірген. (Казахско-русские отношения..., 648б.; «Абылай хан...» Көрсетілген жинақ. 352-353 бб.). Ресей императоры тағына Екатерина Алексейқызының отыруына байланысты Қазыбек би қыс айының қатты болуымен және өзінің жасының (96) ұлғайғандығына байланысты ант беруге бара алмаған. Омбы бекінісіне жіберген өзінің баласы Сырымбет би мен немере інісі Отарбай бастаған Ар­ғын-Қаракесек ұлыстарының көрнекті он адамы Қазыбек би үшін, басқа да ел ағалары үшін 1762 ж желтоқсанның 15-22 күндері Сібірдің генерал-губернаторы міндетін атқарушы Фрауендорфқа ант берген. Осы жолы Фрауендорф Қазыбек биге: «Қазыбек бидің Ресей мемлекетіне адалдық көрсетіп, ықыласпен ант бергені патша­мыздың назарынан тыс қалмайды...» деп хат жазған. («Абылай хан...», 351-353 бб.). Бар өмірін өз халқының еркіндігі мен тәуелсіздігіне арнаған Қаз дауысты Қазыбек Ресей әкімшілігімен қатынаста белсенділік танытып, тұрақты байланыста болуға қыз­мет етті. Оны 1744-1745 жылдары Орын­бор өлкесінің сол кездегі билеушісі И.Неп­­люевке жазған екі хаты дәлелдейді (Мәмбет Қойгелдиев. Қаз дауысты Қазыбектің екі хаты Қазақ әдебиеті, 1 қаңтар 1989 жыл; Қа­зақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық. 1-т. Алматы: Жеті Жарғы, 2004; //Мәмбет Қойгелдиев. Қаз дауысты Қазыбектың генерал-гу­бер­натор И.Неплюевке жазған хаттары. 419-424 бб.). Бұл екі хаттың екеуі де қазақ елінің саяси өміріне тікелей қатысты келелі мәсе­лелерге байланысты жазылған. Тарихи деректану ғылымы методо­ло­гиясының негізгі принципінің бірі – тарих­шы­лардың зерттеу жұмысына қатысы бар деректердің бірде-бірін тыс қал­дырмауды талап етеді. Оларды кешенді түрде бірімен-бірін салыстырып, то­лық­тырып, сыни тұрғыдан қарап пай­да­ла­нудың негізінде ғана қаралатын мәсе­ле мағынасының шындық тұрғысынан то­лық ашылатын­дығын тарихшылар жақсы білуге тиісті. Кеңес дәуірі авторларының еңбектері, негізінен, XVI-XVIIIғғ. Ресейдің сыртқы саясаты мұрағатының «Киргиз-кайсац­кие дела» қоры материалдары негізінде баспа­дан шыққан «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках.Сб.документов и мате­риа­лов» (Алма-Ата,1961.) деген жинақтың кей­бір материалдары негізінде ғана жа­зылған. XVI-XVIIIғғ. Қазақтардың сауат­тылығы өзінің даму дәрежесінен алыс ке­зеңде елдің қоғамдық өмірі халықтың тұр­мыс-тіршілігі мен басынан кешкен та­рихи оқиғалары, оның ішінде жоңғар шап­қын­шыларына қарсы күресі т.б. ауыз әде­биеті шығармаларында (аңызға айналған әңгімелер, шежірелер мен толғауларда т.б.) бейнеленгені белгілі. Мысалы, қазақ-жоңғар қатынастарына бай­ланысты Қаз дауысты Қазыбектің Жоң­ғар еліне қазақ елшілігін 3 рет басқарып ба­руы туралы деректік мағлұматтар оның ұр­пақтарында, осы күнге дейінгі шежіре­лер­де және ауыз әдебиеті нұсқаларында сақ­талған.Осы материалдар XX ғасырда 80-90-жылдарында баспадан жарық көрді. Олар «Бес ғасыр жырлайды». Бес том­дық. Бірінші т. (Алматы:Жазушы, 1984); «Ел аузынан». (Құрастырушылар Б Адам­баев, Т.Жарқынбекова. Алматы: Жазушы, 1985); «Билер сөзі». (Құрастырушы Т.Кә­кішев. Алматы: Қазақ университеті, 1992), т.б. жи­нақтардан белгілі. Қаз дауысты Қазыбек бидің дүлдүл ше­шендігі, батырлығы, дипломатиялық қабі­леті мен парасаттылығы қалың қазақ еліне жайылған. Оның атқарған саяси-қоғам­дық қызметі туралы мағлұматтар халық жадын­да осы күнге дейін жақсы сақталған. Ш.Уәлихановтың шығармаларында: «Аңыз-әңгімелер мен халық поэзиясында Қазыбек жоңғар шапқыншыларына қарсы күрестің ұйымдастырушысы ретінде сипатталады. Сол аңыздын бірі қазақ ханы Абылайдың тұтқында болған уақытында Қазыбектің қандай рөл атқарғанымен байланысты» деп жазылған. (Ва­ли­ха­нов Ч.Ч.Собр.соч. В пяти томах. – Т. 1. Алма-Ата, 1961. С. 663. ). Стамболдың Айя София, Уфаның Ғалия медреселерінің түлегі, бүкіл өмірін ба­ла­ларды оқытуға арнаған ұстаз Жайсақұлы Камалидденнің (Камалдың) (1882-1954) қолжазба шежіресінде Қаз дауысты Қа­зыбектің жоңғар қалмақтарына, олар­­дың қонтайшысы Қалдан Серенге елші ретін­де үшінші рет барған сапарында әңгіме бол­ған мәселе – екі елдің қарым-қатынастары және Абылай сұлтанды тұтқыннан боса­ту­дың талаптары туралы болған. Қаз да­уысты Қазыбек Қалдан Сереннің қойған талап­тарының орындалуына мәміле жасаған. Келіссөздердің қорытындысында Қал­дан Серен Қазыбек биге: «Біз сенімен үшін­ші рет келісім жасап отырмыз, бірақ біздің та­тулығымыз тұрақты болмады, бұзыла бер­ді. Мұнан былай біздің достығымыз бен та­тулығымыз тұрақты болу үшін қыз алы­сып, бір-бірімізге қыз берісейік» деп, Қа­зыбек биге қалмақтың бір қызын беріпті, оның аты – Кішік. Бұл қызды би өзінің үлкен ұлы Бек­бо­латқа қосыпты. Атақты би әрі батыр Тіленші осы Кішіктен туған. Абылай сұлтанның қонтайшы тұтқы­нынан босатылуына Қаз дауысты Қазы­бектің атқарған қызметінің қорытындысы Ресейдің XVI–XVIII ғғ. сыртқы саясаты мұ­рағатының (РССМ) деректерінен бел­гілі. Орынбор комиссиясының бастығы И.Неп­­люевтің Ресей үкіметінің Сенатына 1743 жылғы 8-шілдеде жазған мәлімдеме ха­тында: «Орта жүздің ханы Әбілмәмбет­тен 7 маусымда қысқаша хат алдым. Оның ха­барлауынша: Жоңғар билеушісінде тұт­қын­­да болған Абылай сұлтан мен ел ағасы Жа­пақ екеуі қайтып келепті. Қалмақтар енді олар­мен татуласуда» (Қ.Е) – деп жазыл­ған. (Казахско-русские отношения…, 284 б.). Бұл деректі Иван Лапин мен Мансур Ак­саковтың 1743 ж. 30-тамызда Орын­бор комиссиясының кеңсесіне берген мә­лімдемесі толықтыра түседі. Онда: «Абылай жоңғарлардан үлкен құрметпен босаған. Оған алтын оқамен зерленген отау үй, оқалы шапан, жинамалы темір шатыр, те­мір сауыт т.б. беріп аттандырған. Мұндай сый-сияпат Абылайға қазақ пен жоңғарлар­дың келешекте тату тұруы үшін көрсетіл­ген. Жоңғарлар өз тарапынан бұдан бы­лай қазақтарға тиіспейді», – деп жазылған. («Ка­захско-русские...», 289 б.; «Абылай хан» .., 136 б.). Келесі дерек – Абылайдың тұтқыннан босап келгеннен кейін Орта жүзге барып, Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанның және ел ағаларының Жоңғар қалмақтарымен, Қалдан Серенмен арасындағы байланыста­ры жөнінде барлау жүргізіп қайтқан баш­құрт Төкен Балтасевтің (мүмкін Балта­шев болар) – 1743 жылы 22-қыркүйек­тегі мә­ліметтерінде: «Жоңғар билеушісі Қалдан Серен өз атынан Әбілмәмбет хан мен Ба­рақ сұлтанға елші жіберіп, өзінде аманатта қалып отырған Әбілмәмбет ұлының орны­на Барақ сұлтанның ұлын жіберуді талап ет­кен. Бұл жөнінде Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтан Қазыбек бимен және басқа да ел ағаларымен ақылдасқан. (Бұл мәмілегер Қаз дауысты Қазыбектің Қалдан Серенге барып, Абылай сұлтанды тұтқыннан босату туралы жүргізген ке­ліссөздерінен кейін Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанға берген ақылы болғанына ықтимал (Қ.Е.). Бұдан бір ой өткен соң Абылай, қа­сын­дағы басқа адамдармен бірге Жоңғар тұт­қынын босап келген. Онымен бірге қалмақ елшілері де (30 адам) келген... Сонымен, Абылай сұлтан қайтып кел­геннен кейін қазақтар жағы кеңес қылып, келесі көктемде Барақтың ұлы Шығай сұл­танды Қалдан Серенге апарып беріп, Әбіл­мәмбеттің ұлына айырбастауға келіскен. Қалдан Серенге сыйлық ретінде ақ қаршыға мен құмай тазы апаруды... ұй­ғарған. Абылай сұлтанды босатқан кезде Қалдан Серен Абылайдың өзіне: Әбілмәмбет­тің ұлын аманатқа бере отырып, қазақтар жоң­ғарға бодан болды, ал Барақ сұлтан­ның ұлын аманатқа берсеңдер, өз бодандық­тарыңды онан әрі бекіте түсесіңдер деген… Бұған қоса Қалдан Серен оларға «қазақ арасында өзін Шона батырмын деп жалған атпен жүрген Қарасақалды ұстап әкеліп бересіңдер» деген. Абылай мен Әбілмәм­бет­тің ұлын алып келген Малайсары бұл ұсы­нысты да қабыл алған, сонан соң қалмақ ханы оларды босатқан... Қазақтар Барақтың ұлын және Қара­са­қалды ұстап әкеліп беруге мәміле қылған. Қалмақ елшілерінің келу себебі де сол екен» («Казахско-русские отношения...» 296-297 бб.; «Абылай хан...» 140-142 бб.) Қорытып айтқанда, Қалдан Сереннің Абылайды тұтқыннан босатуының басты себебі, Қазақ хандығын Ресейдің құрамына қостырмай, оны өз жағына тартып, жоң­ғар­лар мен қазақтар арасында сенім қаты­нас­тарын орнатып, түбінде қазақтардың жері мен елін өз жағына қосып алу болған. Бұл мәселе сонымен бірге қазақ-жоңғар қатынастары, оның ішінде Абылай сұлтан­ның жоңғар қалмақтарының тұтқынынан құтылу мәселесі де тарих ғылымының бет­терінен көп уақытқа дейін ақиқат тұрғы­сынан көрсетілмей келеді. Қаз дауысты Қазыбек Орта жүздің ұлы биі мәмілегер дипломаты болуымен қатар, XVII-XVIII ғғ. еуропалық қоғамдық-саяси ой деңгейіне көтерілген ойшыл, сондай-ақ дала өркениетінің ерекше демократия­лық дәстүрлері арқасында қоғамдық тұғырға көтерілген қара халықтан шыққан көсемі болды. Тарихтан Англияда, Францияда, Голлан­дияда және Солтүстік Америкада өмір сүр­ген саяси ойшылдар елдеріндегі фео­далдық-абсолюттық монархиялық құрылысты сана мен табиғаттың зандылықтарына сәйкес өзгерту жөнінде бір қатар қоғамдық-саяси идеялар көтерілгендігі белгілі. Солардың бірі – американдық Томас Джефферсон (1743-1826). Ол 1776 ж. АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында: «Біз адамдардың барлығы бірдей болып жа­ратылғандықтан, тәңірі оларға белгілі ажы­рамас құқық, оның ішінде өмір сүруге, бос­тандыққа және бақытқа ұмтылу құқы­ғын бергендігі өзінен-өзі анық ақиқат деп есептейміз» деп жазған болатын. (Фостер У.З.Очерки политической истории Аме­рики. – М., 1953. 170 б.). Томас Джефферсон мен Қаз дауысты Қазыбектің араларында қарым-қатынас байланыстары болмаса да, Т. Джефферсон­нан шамасы 100 жылдай бұрын Қаз дауысты Қазыбек XVIII ғ. 80-жылдары: «Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, Анадан қыз туса,күң боламын деп тумайды» деген. Осы екі ойшылдың парасатты пайым­дау­ларында ортақ идея, бір үндестік бар. Бұл олардың қоғамдық ойдың үлкен өкілдері екендігін паш етеді. Сол сияқты Қаз дауысты Қазыбектің на­қыл сөздері мен толғаулары мағынасының сипаты қымбат рухани мұра болып табы­лады. Мысалы, қоғам ұрпақтарының адамгер­шілік қасиеттерін, олардың патриоттық се­зімін тәрбиелеуде Ұлы бабаның қом­қор­лығы ерекше болған. Патриотизм деген сөздің дәл мағынасы латынның «патер» – әке деген сөзінен туындайды. Адам баласы әкені ақылымен, ал анасын жүрегімен жақсы көріп, сүйіп, құрметтейтіні белгілі. Қаз дауысты Қазыбек қоғам ұрпақтарын, жалпы адамдардың Отанға деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге байланысты: – Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат, – деген еді. Дүниені түсіне білу қатынасы қашанда уақыт дәуір тынысы арқылы айқындалады. Демек, тарихи ірі тұлғаны дәуір туындатады, ол уақыттан озып, жана дәуірге жол тартады. Сондай тұлғалардың бір қатары XVII-XVIII ғғ. қазақ қоғамында өмір сүрді. Абылай сұл­тан­ның ел басқаруда жоңғар шапқын­шы­ла­рымен күресте ерлігімен аты шығып, Орта жүздің ханы болды, ал Қаз дауысты Қазыбек халықтың жалпы патриоттық күресінің нақты жаршысы да, басшысы да болды. Сонымен, тарихи оқиғалар төрелер әулетінен емес, қарапайым халық арасы­нан, қарадан шыққан Қаз дауысты Қазы­бек­ті хан дәрежесіне көтерді. Ол тек Орта жү­здің ғана емес, бүкіл қазақ халқы мен қазақ елінің қамқоршысы болды, оның бей­несі қазақ елінің атақты тұлғалары, мемлекет басшылары Есім, Тәуке, Абылай хандармен қатар тұрады. Келдібекұлы Қазыбектің жас шағынан бойына біткен әділ­дік пен парасаттылық, мәмілегерлік пен шешендік қабілеті, оның 1681-1684 жыл­да­ры Жетісудан Сыр бойына дейінгі алқа­бы ойрат шапқыншылығына ұшыраған оқи­ға­дан соң Арғын ішінде Сүйіндік руы Айда­бол ұрпағы Тайкелтір би бастаған қазақ елші­сінің тобында болғаны белгілі (Жайсақ­ұлы Камалидден... көрсетілген дерек). Сол жолы Келдібекұлы Қазыбек қон­тай­шы Қалдан Бошоқтуға: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтық­пай жай жатқан елміз, ешбір дұшпан басынба­ған елміз. Достығымызды сақтай білген елміз... Асқақтаған хан болса, ордасын таптай білген елміз... Берсең жөндеп, біті­міңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!» деп қа­зақ халқының атынан айтқан толғауын­да (Н.Ә.Назарбаев, Тәуелсіздік белестері. Ал­маты: Атамұра, 2003. 124-125 бб.) қазақ­тар­дың бейбіт өмір мен достықты қадір­лей білетін, намысшыл, тәуелсіздік үшін кү­рес­ке дайын, батыр халық екені айтылған. Осы жолы әділдікке жығылған қалмақ ха­нынан Келдібекұлы Қазыбек «Қаз да­уысты Қазыбек» аталып, қолындағы 90 тұт­­қын мен шабылған мал-мүлікті алып елге оралған. 1993 жылы 28 мамырға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев XVIII ғасырдың аса ірі мемлекет қай­рат­керлері Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алуға арналған Ордабасыда болған салтанатта сөйлеген сөзін Қаз дауысты Қазыбек бидің осы толғауынан бастауы, оның қазақ халқының тарихынан ерекше орын алатындығын көрсетсе керек (Н. На­зарбаев, Береке басы бірлік. Егемен Қа­зақстан, 1993, 2 маусым.). Елбасы Н.Назарбаевтың бұл толғамы Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке билер сияқты ұлы бабалар аманатын жүзеге асы­рып, бүгінде Қазақстанды әлемге таныт­қа­нын, ел бірлігі, ұлт тұтастығын жаңа заман­да абыроймен сақтап келе жатқан ұлы іс­терінің жарқын көрінісі іспеттес. К.ЕСІМОВ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры  Айқын

Қай халықтың болмасын тарихы елінің зердесінде өшпес із қалдырған аса көрнекті жеке тұлғалардың атымен тығыз байланысты. Тарихи ауқымды зор тұлғаларды дәуір туғызады. 

Қазақ халқының сондай тұлғаларының бірі XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Қазақ хандығының ұлы үш биінің бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәмілегер, дипломат, шешен, азаттық күрестің көсемдерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы.

Қаз дауысты Қазыбек 1667 жылы Сыр өңірінің Түркістан атырабында дүниеге келген. 1764 жылы Қарағанды облысының Се­мізбұғы мекенінен шамасы 16-18 ша­қы­рым қашықтықта Далба тауының түстік беткейінің Қарағайлы бұлақ деген жердегі жайлауында 97 жасында қыс айларының басында өмірден озған. Оның мүрдесін ақ жуып, арулап, былғарыға тігіп, қыс бойы төрт таған тасқа орнатылған сөренің үс­тіндегі киіз үйде аманат ретінде сақтап, көктем шыға үлкен ұлы Бекболат бастаған Арқаның 40 батыры мен ел ағалары қасиетті Түркістанға жеткізіп, әулие Кожа Ахмет Йассауи сағанасына жерлеген. (Стамболдың Ая София, Уфаның «Ғалия» медреселерінің түлегі Жайсақұлы Камалидденнің (1882-1954) қолжазба шежіресінен).

XVIII ғасырдың 23-25-жылдары қа­зақ хал­қына үлкен ауыртпалық әкелген «Ақ­табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіреті мен онан кейін 30-жылдары қайталанған жоңғар шапқыншылықта­рынан елді аман сақтап қалу мақсатымен Қа­зыбек баба (оны ұрпақтары осылай атай­ды) өзінің ұрпақтары және бүкіл Бошан әулетімен Сыр бойынан Арқаға көшіп, Ұлытау, онан соң 40-жыл­да­ры Қараған­ды облысының бұрынғы Егін­дібұлақ ауда­нының Едірей, Үшқара, Ар­қалық т.б. жер­леріне қоныстанған.

Бабаның ұрпақтары осы өңірде бүгінгі күнге дейін мекендейді. Олардың жайлауы осы мекенмен жапсарлас Далба тауының өңірінен Баян тауының батыс бағытындағы Шідерті өзенінен өтіп, Ерейментауға дейінгі алқап болған. Кейіннен өрісі тарылған Сү­йін­дік елінің тілегі бойынша Қаз дауысты Қазыбектің ұрпақтары өздерінің жайлауын оңтүстікке Қарқаралы бағытына, Нұра өзе­ніне қарай ауыстырған (Жайсақұлы Ка­малидден.., көрсетілген дерек).

Қазыбек бидің аттары белгілі Тіленші, Ал­шынбай т.б. ұрпақтары осы жайлауда (Қа­рағанды облысының бұрынғы Ульянов ауданының Бабаев атындағы совхоз жері) отырғанда дүниеден қайтып, топырақ осы жерден бұйырған (Мәшһүр Жүсіп Көпей­ұлы. Қазақ шежіресі. Алматы: Жалын, 1993. 61б.)

Қаз дауысты Қазыбектің шыққан ар­ғы тегі – Арғын тайпасының Қаракесек ата­лып кеткен Болатқожа елі, бергісі – қазақ халқына аты мәлім Шаншар абыз. Шаншар абыздан Қазыбектің әкесі Келдібек туады.

Шежіре деректеріне жүгінсек, Шаншар абыздың Есім ханның (1598-1645) алдында еңбегі мен беделі ерекше болған, Келдібектің өзі болса, Қаракесек ғана емес, бүкіл Арғын еліне билік айтар қазы болыпты...(Сәрсекеев М. Тарақты және Қаракесек шежіресі. Алматы: «Атамұра», 1995, 68-69 б.).

Келдібекұлы Қазыбектің өзі туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер мен бидің өзінен жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін ата жолы заңдарын мейлінше меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам бол­ған­дығын айқын көрсетеді (Қазақстан. Ұлт­тық энциклопедия. Т.5. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2003, 457 б.).

Тәуке ханның (1680-1718) Қаз дауысты Қазыбекті Орта жүздің бас биі етіп таға­йын­дауына оның осы қасиеттері негіз болса керек. Қазыбек би әз-Тәуке тұсында хан ке­ңесінің белді мүшелерінің бірі, кейін Сә­меке, Әбілмәмбет, Абылай ел басқарған ке­зеңдерде хандықты басқару ісіне жиі араласқан, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңес беріп отырған терең ойлы би болды.

Бұл тұжырымды Сібір губернаторы мін­детін атқарушы генерал-майор Фрауен­дорфтың Ресейдің сыртқы істер алқасына (коллегиясына) 1753 ж. 11 наурызда жазған мәлімдеме-хатындағы пікірі толықтыра түседі. Осы деректе: «Қазыбек би бүкіл Орта жүздегі ең басты би болып табылады.Оған Әбілмәмбет ханның өзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары әрқашан да келіп, әртүрлі ке­ңес­тер алады, тіпті Қазыбек бидің келі­сі­мін­сіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мә­селе ше­шіл­мейді екен», – деп жазылған (Ка­захско-русские отношения в XVI-XVIII веках.Сб. документов и материалов. Алма-Ата, 1961. С.648; Абылай хан. Өмірі мен қыз­метіне қатысты құжаттар мен мате­риал­дар жинағы.Петропавл: ЖШС Астана, 2005 ж., 352 б.).

Қаз дауысты Қазыбек мемлекет істері­мен қатар, ру ішінде немесе ру аралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыс­тарға да әділ билігін айтып отырған. Мә­селен, 1748 ж. тамыз айында болған Әбілқа­йырдың өлімінен кейін кек алмақ болған оның балаларынан сескеніп Орта жүздің Арғынына арқа сүйемек болған Барақ сұлтанға, оның жақын кеңесшісі бола тұра Қазыбек би: «біз сен үшін Кіші жүзбен ай­тыс­паймыз» деген екен (Орынбор ОММ.

3-қ. 1-т.,2-іс, 248-249 пп.).

Ел ішінде қара қылды қақ жарған, алты алаштың ардағы аталған Қаз дауысты Қазыбек бидің бұл Орта жүз бен Кіші жүз араларын ушықтырмай, мәмілеге келтіру арқылы олардың бірлігін сақтауды мақ­сат еткен даналығын көрсетеді. Сөйтіп, Ба­рақ сұлтанның кінәсін қарау мәселесі би­лер сотына тапсырылыпты.

Қаз дауысты Қазыбек өмір сүрген та­-лас-тартыс пен дауға толы күрделі заманда оның Қазақ хандығының ішкі саясатында атқарған қызметінің басты мақсаты – қа­зақ елінің бірлігі мен ынтымағын сақтап, бір орталыққа біріккен мемлекеттігін нығай­та түсу болған.

Бұл саясатты жүзеге асыруда Тәуке хан­ның басшылығымен қабылданған «Жеті Жарғының» тарихи маңызы ерекше болды.Осы заң жинағының дайындалуына Қа­зы­бек бидің атқарған қызметі көңіл ау­да­рарлық.

Қаз дауысты Қазыбектің «Жеті Жар­ғыны» дайындаудағы ерекше қызметін оның қызы Қамқа (Манқап) әкесіне ар­наған жоқта­уында:

– Қазаққа деп заң жасап,

Қазыбектің қасқа жол,

Артында мирас қалғаны.

Шариғат айтқан жол емес,

Законға тағы қол емес,

Соларменен бірдей ғып,

Қазаққа бір жол салғаны, – деп жыр­лаған (Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы: Жалын, 1991, 152 б.).

Қамқаның осы күнге дейін бізге келіп жеткен осы жоқтау жыры Қаз дауысты Қа­зыбектің өмір тарихының баға жетпес құнды тарихи дерегі екендігін мойында­уымыз керек.

Қамқаның әкесіне арнаған жоқтау жыры Қазыбек бидің «Жеті Жарғыны» да­йындауда қандай рөл атқарғанын аң­ғартады.

Дана би Қазыбектің «Жеті Жарғыны» да­йындаудағы парасат қабiлеті мен білімі туралы этнолог, профессор Ж.Артықбаев: «Ол (демек Қазыбек би – Қ.Е.) өзіне дейінгі билік жолдарымен толық танысып, сонау Ғұн дәуірінен, тіпті Сақтан бастау алатын көпшілік ортасындағы құқық дәстүрін иге­ріп, сонымен қатар әдет-ғұрып заңдары мен шариғат арасындағы күрделі байла­ныс­­тар мен қайшылықтарды да шешу мүм­кіндігі­­не ие болды» деген тұжырым жа­сай­ды (Жам­был Омари. Қаз дауысты Қа­зы­бек би. Астана: Фолиант, 2000, 135б.).

Сөйтіп, «Жеті Жарғыда» Қазақ хан­ды­ғында ел басқару жүйесі идеясының негізі жасалып, халқымыздың тарихи болашақ тағдырына жол көрсеткен маңызы ерекше құжат болды.

Қазыбек би қазақ елінің сыртқы сая­сатында, әсіресе, қазақ-жоңғар қатынаста­рын­да елші ретінде ерекше белсенділік та­нытып мәмілегер, дипломат болғаны қазақ халқына белгілі. Ел ішінде сақталып, аңызға айналған әңгімелер мен шежіре мағлұ­мат­та­рында қалмақ пен қазақ арасындағы бол­ған шапқыншылықты бітістіру мақса­тын­да Қаз дауысты Қазыбектің қонтайшы­ға елші ретінде 3 рет барғаны баяндалады.

Оның алғашқы елшілік сапары 1681-1684 жылдары жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан Бошоқту уақытында Жетісу мен Сыр бойына салған ойранынан соң Арғын ішінде Сүйіндік руының Айдабол ұрпағы Тайкелтір би басқарған елшілермен бірге болған. Кейбір авторлардың пікірінше, сол кезде Қазыбектің жасы 13-14-те еді деп жа­зып жүр. Бұл – жаңсақ пікір. Өйткені Қам­қа әкесін жоқтауда:

– Белгілі шығар Алашқа

Қоңтажыға барғаның.

Он сегізде сол күнде,

Қалмақты сынға алғаның.

Қазақты жоқтап қалмақтан,

Араға сөзді салғаның:

Қалмақтың ханы Қоңтажы

Жауаптан ұстап алғаның.

Босатып едің, жан әкем,

Тұтқында қазақ қалғанын.

Талап алған шабынды,

Қайтарып алдың бар малын.

Олқысыз тоқсан жесірді,

Сол жерде анық алғаның.

Қалмақ пен қазақ бас қосып,

Екі ұдай болған тобында

Алдыңа бір жан салмадың, – деп жыр­лаған.

(Ахмет Байтұрсынов... көрсетілген еңбек, 151б.).

Қаз дауысты Қазыбектің жоңғар хан­дығына барған осы елшілік ерлігіне Шоқан Уәлиханов өзінің «XVIII ғасырдың батыр­лары туралы тарихи аңыздар» деген мақа­ласында жоғары баға берген еді.(Валиханов Ч.Ч.Собр.соч. в пяти томах.-Т.1-Алма-Ата, 1961. – С.222.)

1718ж. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін жоңғар шапқыншылығы бұрынғыдан да үдей түсті. Сонымен қатар ел ішінде төре ұрпақтарынан шыққан хандар мен сұлтан­дардың хан тағына таласу озбырлығы Қа­­зақ хандығының бірлігі мен саяси-қоғам­­дық жағдайын әлсіретті. Соның негізінде бір ор­талықтанған хандық ыдырап,әрқайсы­­сы жекелеген Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз хандықтары пайда болды.

Сөйтіп, Қазақ елі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубетінен үлкен күй­зеліске ұшырады. Алайда мұнымен жоңғар шапқын­шылығы тыйылмады.

1731 жылы Кіші жүз Ресейдің бодан­ды­ғын қабылдады, Ұлы жүз жерін 1735ж. Жоң­ғария хандығы басып алып, өзінің саяси билігін орнатты.

Сонымен, ұлттық тәуелсіздік жолын­дағы күрестің бар ауыртпалығы Орта жүзге түсті. Осы кезеңде қолбасшылық қабілеті­мен Абылай сұлтанның аты шықты, ал Қа­зыбек би халықтың жалпы патриоттық күресінің нақты басшысы болды. Тарихи оқиғалар қарапайым халық ортасынан шыққан Қазыбек Қелдібекұлын өз дәре­жесіне көтерді. Сонымен бірге Қазыбек би бей­біт өмір үшін күрескер дипломат та болды.

Қаз дауысты Қазыбек Анна Иоанқы­зы­ның (1730-1740) патшалық құрған кезінде қазақ елінің Ресейдің қол астына кіруіне Арғын руының атынан патшаға сенім біл­дірген (Казахско-русские отношения..., 647, 648бб.; Абылай хан. Өмірі мен қыз­ме­тіне қатысты құжаттар мен материал­дар­­дың жинағы. Петропавл, 2005.352, 353 бб.).

Осы пейілінен қайтпаған көреген би 1741 жылы Елизавета Петрқызының патша тағына отыруына байланысты Ор (Орск) бекінісіндегі тайный советник, сенатор Неплюевке ант беруге барған Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанға өзі­не қарайтын ел ағаларын қосып, жазған хатында Арғын руының атынан ант беруге дайын екендігін білдірген. (Казахско-русские отношения..., 648б.; «Абылай хан...» Көрсетілген жинақ. 352-353 бб.).

Ресей императоры тағына Екатерина Алексейқызының отыруына байланысты Қазыбек би қыс айының қатты болуымен және өзінің жасының (96) ұлғайғандығына байланысты ант беруге бара алмаған. Омбы бекінісіне жіберген өзінің баласы Сырымбет би мен немере інісі Отарбай бастаған Ар­ғын-Қаракесек ұлыстарының көрнекті он адамы Қазыбек би үшін, басқа да ел ағалары үшін 1762 ж желтоқсанның 15-22 күндері Сібірдің генерал-губернаторы міндетін атқарушы Фрауендорфқа ант берген.

Осы жолы Фрауендорф Қазыбек биге: «Қазыбек бидің Ресей мемлекетіне адалдық көрсетіп, ықыласпен ант бергені патша­мыздың назарынан тыс қалмайды...» деп хат жазған. («Абылай хан...», 351-353 бб.).

Бар өмірін өз халқының еркіндігі мен тәуелсіздігіне арнаған Қаз дауысты Қазыбек Ресей әкімшілігімен қатынаста белсенділік танытып, тұрақты байланыста болуға қыз­мет етті. Оны 1744-1745 жылдары Орын­бор өлкесінің сол кездегі билеушісі И.Неп­­люевке жазған екі хаты дәлелдейді (Мәмбет Қойгелдиев. Қаз дауысты Қазыбектің екі хаты Қазақ әдебиеті, 1 қаңтар 1989 жыл; Қа­зақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық. 1-т. Алматы: Жеті Жарғы, 2004; //Мәмбет Қойгелдиев. Қаз дауысты Қазыбектың генерал-гу­бер­натор И.Неплюевке жазған хаттары. 419-424 бб.).

Бұл екі хаттың екеуі де қазақ елінің саяси өміріне тікелей қатысты келелі мәсе­лелерге байланысты жазылған.

Тарихи деректану ғылымы методо­ло­гиясының негізгі принципінің бірі – тарих­шы­лардың зерттеу жұмысына қатысы бар деректердің бірде-бірін тыс қал­дырмауды талап етеді. Оларды кешенді түрде бірімен-бірін салыстырып, то­лық­тырып, сыни тұрғыдан қарап пай­да­ла­нудың негізінде ғана қаралатын мәсе­ле мағынасының шындық тұрғысынан то­лық ашылатын­дығын тарихшылар жақсы білуге тиісті.

Кеңес дәуірі авторларының еңбектері, негізінен, XVI-XVIIIғғ. Ресейдің сыртқы саясаты мұрағатының «Киргиз-кайсац­кие дела» қоры материалдары негізінде баспа­дан шыққан «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках.Сб.документов и мате­риа­лов» (Алма-Ата,1961.) деген жинақтың кей­бір материалдары негізінде ғана жа­зылған. XVI-XVIIIғғ. Қазақтардың сауат­тылығы өзінің даму дәрежесінен алыс ке­зеңде елдің қоғамдық өмірі халықтың тұр­мыс-тіршілігі мен басынан кешкен та­рихи оқиғалары, оның ішінде жоңғар шап­қын­шыларына қарсы күресі т.б. ауыз әде­биеті шығармаларында (аңызға айналған әңгімелер, шежірелер мен толғауларда т.б.) бейнеленгені белгілі.

Мысалы, қазақ-жоңғар қатынастарына бай­ланысты Қаз дауысты Қазыбектің Жоң­ғар еліне қазақ елшілігін 3 рет басқарып ба­руы туралы деректік мағлұматтар оның ұр­пақтарында, осы күнге дейінгі шежіре­лер­де және ауыз әдебиеті нұсқаларында сақ­талған.Осы материалдар XX ғасырда 80-90-жылдарында баспадан жарық көрді.

Олар «Бес ғасыр жырлайды». Бес том­дық. Бірінші т. (Алматы:Жазушы, 1984); «Ел аузынан». (Құрастырушылар Б Адам­баев, Т.Жарқынбекова. Алматы: Жазушы, 1985); «Билер сөзі». (Құрастырушы Т.Кә­кішев. Алматы: Қазақ университеті, 1992), т.б. жи­нақтардан белгілі.

Қаз дауысты Қазыбек бидің дүлдүл ше­шендігі, батырлығы, дипломатиялық қабі­леті мен парасаттылығы қалың қазақ еліне жайылған. Оның атқарған саяси-қоғам­дық қызметі туралы мағлұматтар халық жадын­да осы күнге дейін жақсы сақталған.

Ш.Уәлихановтың шығармаларында: «Аңыз-әңгімелер мен халық поэзиясында Қазыбек жоңғар шапқыншыларына қарсы күрестің ұйымдастырушысы ретінде сипатталады. Сол аңыздын бірі қазақ ханы Абылайдың тұтқында болған уақытында Қазыбектің қандай рөл атқарғанымен байланысты» деп жазылған. (Ва­ли­ха­нов Ч.Ч.Собр.соч. В пяти томах. – Т. 1. Алма-Ата, 1961. С. 663. ).

Стамболдың Айя София, Уфаның Ғалия медреселерінің түлегі, бүкіл өмірін ба­ла­ларды оқытуға арнаған ұстаз Жайсақұлы Камалидденнің (Камалдың) (1882-1954) қолжазба шежіресінде Қаз дауысты Қа­зыбектің жоңғар қалмақтарына, олар­­дың қонтайшысы Қалдан Серенге елші ретін­де үшінші рет барған сапарында әңгіме бол­ған мәселе – екі елдің қарым-қатынастары және Абылай сұлтанды тұтқыннан боса­ту­дың талаптары туралы болған. Қаз да­уысты Қазыбек Қалдан Сереннің қойған талап­тарының орындалуына мәміле жасаған.

Келіссөздердің қорытындысында Қал­дан Серен Қазыбек биге: «Біз сенімен үшін­ші рет келісім жасап отырмыз, бірақ біздің та­тулығымыз тұрақты болмады, бұзыла бер­ді. Мұнан былай біздің достығымыз бен та­тулығымыз тұрақты болу үшін қыз алы­сып, бір-бірімізге қыз берісейік» деп, Қа­зыбек биге қалмақтың бір қызын беріпті, оның аты – Кішік.

Бұл қызды би өзінің үлкен ұлы Бек­бо­латқа қосыпты. Атақты би әрі батыр Тіленші осы Кішіктен туған.

Абылай сұлтанның қонтайшы тұтқы­нынан босатылуына Қаз дауысты Қазы­бектің атқарған қызметінің қорытындысы Ресейдің XVI–XVIII ғғ. сыртқы саясаты мұ­рағатының (РССМ) деректерінен бел­гілі.

Орынбор комиссиясының бастығы И.Неп­­люевтің Ресей үкіметінің Сенатына 1743 жылғы 8-шілдеде жазған мәлімдеме ха­тында: «Орта жүздің ханы Әбілмәмбет­тен 7 маусымда қысқаша хат алдым. Оның ха­барлауынша: Жоңғар билеушісінде тұт­қын­­да болған Абылай сұлтан мен ел ағасы Жа­пақ екеуі қайтып келепті. Қалмақтар енді олар­мен татуласуда» (Қ.Е) – деп жазыл­ған. (Казахско-русские отношения…, 284 б.).

Бұл деректі Иван Лапин мен Мансур Ак­саковтың 1743 ж. 30-тамызда Орын­бор комиссиясының кеңсесіне берген мә­лімдемесі толықтыра түседі. Онда: «Абылай жоңғарлардан үлкен құрметпен босаған. Оған алтын оқамен зерленген отау үй, оқалы шапан, жинамалы темір шатыр, те­мір сауыт т.б. беріп аттандырған. Мұндай сый-сияпат Абылайға қазақ пен жоңғарлар­дың келешекте тату тұруы үшін көрсетіл­ген. Жоңғарлар өз тарапынан бұдан бы­лай қазақтарға тиіспейді», – деп жазылған. («Ка­захско-русские...», 289 б.; «Абылай хан» .., 136 б.).

Келесі дерек – Абылайдың тұтқыннан босап келгеннен кейін Орта жүзге барып, Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанның және ел ағаларының Жоңғар қалмақтарымен, Қалдан Серенмен арасындағы байланыста­ры жөнінде барлау жүргізіп қайтқан баш­құрт Төкен Балтасевтің (мүмкін Балта­шев болар) – 1743 жылы 22-қыркүйек­тегі мә­ліметтерінде: «Жоңғар билеушісі Қалдан Серен өз атынан Әбілмәмбет хан мен Ба­рақ сұлтанға елші жіберіп, өзінде аманатта қалып отырған Әбілмәмбет ұлының орны­на Барақ сұлтанның ұлын жіберуді талап ет­кен. Бұл жөнінде Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтан Қазыбек бимен және басқа да ел ағаларымен ақылдасқан.

(Бұл мәмілегер Қаз дауысты Қазыбектің Қалдан Серенге барып, Абылай сұлтанды тұтқыннан босату туралы жүргізген ке­ліссөздерінен кейін Әбілмәмбет хан мен Барақ сұлтанға берген ақылы болғанына ықтимал (Қ.Е.).

Бұдан бір ой өткен соң Абылай, қа­сын­дағы басқа адамдармен бірге Жоңғар тұт­қынын босап келген. Онымен бірге қалмақ елшілері де (30 адам) келген...

Сонымен, Абылай сұлтан қайтып кел­геннен кейін қазақтар жағы кеңес қылып, келесі көктемде Барақтың ұлы Шығай сұл­танды Қалдан Серенге апарып беріп, Әбіл­мәмбеттің ұлына айырбастауға келіскен. Қалдан Серенге сыйлық ретінде ақ қаршыға мен құмай тазы апаруды... ұй­ғарған.

Абылай сұлтанды босатқан кезде Қалдан Серен Абылайдың өзіне: Әбілмәмбет­тің ұлын аманатқа бере отырып, қазақтар жоң­ғарға бодан болды, ал Барақ сұлтан­ның ұлын аманатқа берсеңдер, өз бодандық­тарыңды онан әрі бекіте түсесіңдер деген… Бұған қоса Қалдан Серен оларға «қазақ арасында өзін Шона батырмын деп жалған атпен жүрген Қарасақалды ұстап әкеліп бересіңдер» деген. Абылай мен Әбілмәм­бет­тің ұлын алып келген Малайсары бұл ұсы­нысты да қабыл алған, сонан соң қалмақ ханы оларды босатқан...

Қазақтар Барақтың ұлын және Қара­са­қалды ұстап әкеліп беруге мәміле қылған. Қалмақ елшілерінің келу себебі де сол екен» («Казахско-русские отношения...» 296-297 бб.; «Абылай хан...» 140-142 бб.)

Қорытып айтқанда, Қалдан Сереннің Абылайды тұтқыннан босатуының басты себебі, Қазақ хандығын Ресейдің құрамына қостырмай, оны өз жағына тартып, жоң­ғар­лар мен қазақтар арасында сенім қаты­нас­тарын орнатып, түбінде қазақтардың жері мен елін өз жағына қосып алу болған.

Бұл мәселе сонымен бірге қазақ-жоңғар қатынастары, оның ішінде Абылай сұлтан­ның жоңғар қалмақтарының тұтқынынан құтылу мәселесі де тарих ғылымының бет­терінен көп уақытқа дейін ақиқат тұрғы­сынан көрсетілмей келеді.

Қаз дауысты Қазыбек Орта жүздің ұлы биі мәмілегер дипломаты болуымен қатар, XVII-XVIII ғғ. еуропалық қоғамдық-саяси ой деңгейіне көтерілген ойшыл, сондай-ақ дала өркениетінің ерекше демократия­лық дәстүрлері арқасында қоғамдық тұғырға көтерілген қара халықтан шыққан көсемі болды.

Тарихтан Англияда, Францияда, Голлан­дияда және Солтүстік Америкада өмір сүр­ген саяси ойшылдар елдеріндегі фео­далдық-абсолюттық монархиялық құрылысты сана мен табиғаттың зандылықтарына сәйкес өзгерту жөнінде бір қатар қоғамдық-саяси идеялар көтерілгендігі белгілі.

Солардың бірі – американдық Томас Джефферсон (1743-1826). Ол 1776 ж. АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында: «Біз адамдардың барлығы бірдей болып жа­ратылғандықтан, тәңірі оларға белгілі ажы­рамас құқық, оның ішінде өмір сүруге, бос­тандыққа және бақытқа ұмтылу құқы­ғын бергендігі өзінен-өзі анық ақиқат деп есептейміз» деп жазған болатын. (Фостер У.З.Очерки политической истории Аме­рики. – М., 1953. 170 б.).

Томас Джефферсон мен Қаз дауысты Қазыбектің араларында қарым-қатынас байланыстары болмаса да, Т. Джефферсон­нан шамасы 100 жылдай бұрын Қаз дауысты Қазыбек XVIII ғ. 80-жылдары: «Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, Анадан қыз туса,күң боламын деп тумайды» деген.

Осы екі ойшылдың парасатты пайым­дау­ларында ортақ идея, бір үндестік бар. Бұл олардың қоғамдық ойдың үлкен өкілдері екендігін паш етеді.

Сол сияқты Қаз дауысты Қазыбектің на­қыл сөздері мен толғаулары мағынасының сипаты қымбат рухани мұра болып табы­лады.

Мысалы, қоғам ұрпақтарының адамгер­шілік қасиеттерін, олардың патриоттық се­зімін тәрбиелеуде Ұлы бабаның қом­қор­лығы ерекше болған.

Патриотизм деген сөздің дәл мағынасы латынның «патер» – әке деген сөзінен туындайды. Адам баласы әкені ақылымен, ал анасын жүрегімен жақсы көріп, сүйіп, құрметтейтіні белгілі. Қаз дауысты Қазыбек қоғам ұрпақтарын, жалпы адамдардың Отанға деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге байланысты:

– Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың әкең қымбат.

Туып-өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат, – деген еді.

Дүниені түсіне білу қатынасы қашанда уақыт дәуір тынысы арқылы айқындалады. Демек, тарихи ірі тұлғаны дәуір туындатады, ол уақыттан озып, жана дәуірге жол тартады. Сондай тұлғалардың бір қатары XVII-XVIII ғғ. қазақ қоғамында өмір сүрді. Абылай сұл­тан­ның ел басқаруда жоңғар шапқын­шы­ла­рымен күресте ерлігімен аты шығып, Орта жүздің ханы болды, ал Қаз дауысты Қазыбек халықтың жалпы патриоттық күресінің нақты жаршысы да, басшысы да болды.

Сонымен, тарихи оқиғалар төрелер әулетінен емес, қарапайым халық арасы­нан, қарадан шыққан Қаз дауысты Қазы­бек­ті хан дәрежесіне көтерді. Ол тек Орта жү­здің ғана емес, бүкіл қазақ халқы мен қазақ елінің қамқоршысы болды, оның бей­несі қазақ елінің атақты тұлғалары, мемлекет басшылары Есім, Тәуке, Абылай хандармен қатар тұрады. Келдібекұлы Қазыбектің жас шағынан бойына біткен әділ­дік пен парасаттылық, мәмілегерлік пен шешендік қабілеті, оның 1681-1684 жыл­да­ры Жетісудан Сыр бойына дейінгі алқа­бы ойрат шапқыншылығына ұшыраған оқи­ға­дан соң Арғын ішінде Сүйіндік руы Айда­бол ұрпағы Тайкелтір би бастаған қазақ елші­сінің тобында болғаны белгілі (Жайсақ­ұлы Камалидден... көрсетілген дерек).

Сол жолы Келдібекұлы Қазыбек қон­тай­шы Қалдан Бошоқтуға: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтық­пай жай жатқан елміз, ешбір дұшпан басынба­ған елміз. Достығымызды сақтай білген елміз... Асқақтаған хан болса, ордасын таптай білген елміз... Берсең жөндеп, біті­міңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!» деп қа­зақ халқының атынан айтқан толғауын­да (Н.Ә.Назарбаев, Тәуелсіздік белестері. Ал­маты: Атамұра, 2003. 124-125 бб.) қазақ­тар­дың бейбіт өмір мен достықты қадір­лей білетін, намысшыл, тәуелсіздік үшін кү­рес­ке дайын, батыр халық екені айтылған.

Осы жолы әділдікке жығылған қалмақ ха­нынан Келдібекұлы Қазыбек «Қаз да­уысты Қазыбек» аталып, қолындағы 90 тұт­­қын мен шабылған мал-мүлікті алып елге оралған.

1993 жылы 28 мамырға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев XVIII ғасырдың аса ірі мемлекет қай­рат­керлері Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алуға арналған Ордабасыда болған салтанатта сөйлеген сөзін Қаз дауысты Қазыбек бидің осы толғауынан бастауы, оның қазақ халқының тарихынан ерекше орын алатындығын көрсетсе керек (Н. На­зарбаев, Береке басы бірлік. Егемен Қа­зақстан, 1993, 2 маусым.).

Елбасы Н.Назарбаевтың бұл толғамы Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке билер сияқты ұлы бабалар аманатын жүзеге асы­рып, бүгінде Қазақстанды әлемге таныт­қа­нын, ел бірлігі, ұлт тұтастығын жаңа заман­да абыроймен сақтап келе жатқан ұлы іс­терінің жарқын көрінісі іспеттес.

К.ЕСІМОВ,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры 

Айқын

Бөлісу: