Бүгін, 2 ақпан Сталинград түбіндегі шайқасқа 70 жыл толды. Осы атаулы датаға орай Астанадағы қалалық Орталық кітапханада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым етіліп, мерекелік іс-шара өткізілді. Шараның ұйымдастырушысы – Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен «Жас Отан» Жастар қанаты.
Мұхамеджан Таласов, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы:
Астанада Сталинград шайқасына қатысқан 15 ардагер бар. Бүгін солардың басын қосып, құрмет көрсетіп жатырмыз. Оған қоса, сол ардагерлеріміздің ерлігі үлгі болсын деп жастарды да қатыстырдық.
Асхат Қаржаубай, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі:
Өзімнің атам да соғысқа қатысқан. Өкінішке орай, майданнан оралмады. Бүгін атаулы іс-шараға өз еркімізбен келіп отырмыз, соғыста ерлік көрсеткен аталарымызды көргіміз келді. Өйткені, бұл патриоттық сезімімізді көтеріп, рух берері сөзсіз.
Сталинград шайқасы – 2-дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Оның ұзақтығы, қан төккен жауынгерлер саны және әскери техника саны жағынан тарихтағы ұлы шайқастардың бәрінен де асып түседі. Сонау қанды майдан жылдарында Отан үшін от кешкендердің бірі – Қаматай Тоқабаев. Бүгінде 88 жасқа келген ақсақал соғысқа 18 жасында, яғни 1942 жылдың 31 тамызында аттанып, 1947 жылы наурыз айында жеңіспен оралғанын тебірене еске алды.
Қаматай Тоқабаев, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Ақмолада бір ай дайындалып, сосын 61- атқыштар полкімен 310-дивизияның құрамымен батысқа жөнелтті. Майдан алаңында үш зауыт бар еді. Олар: Тракторный, Барикада және Красный октябрь деп аталды. Сол зауыттарды немістерден аман алып қалу туралы қатаң бұйрық берілді. Өйткені, бар қару-жарақтарымыздан айырылып қалу қаупі болды. Сонымен, шайқасқа шығып, қарсыласып, немістерге қарсы оқ жаудырдық. Күні-түні у-шу, айғай, тұман. Не күн екені не түн екенін білмедік.
Сталинград түбіндегі қанды қақтығыс 200 күн мен түнге созылды. Жау өлгені, жараланғаны, тұтқындалғаны, хабарсыз кеткендері бар 1,5 млн-ға жуық солдат пен офицерінен, ал Қызыл Армия 1 млн. 130 мыңға жуық адамынан айрылды. Сол ұрыс алаңында, майдан дадасында
Astana,kz