Шөл даланың сиқырлы әлемі

2 Ақпан 2013, 10:43

Оңтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысы мен Оңтүстік-батысының айтарлықтай бөлігін Қызылқұм мен Мойынқұм шөлдері және сазды, қуаң Бетпақдала алып жатыр. Шөл дала ландшафты әртүрлі: шексіз кеңістік сусымалы құмнан тұрса, кейде құбылмалы құм төбелерден, кейде батпақты төбешік пен ойпаттардан, тіпті бетон тәрізді қатты тақырдан, бетіне соры шыққан жерден тұрады. Осы жерге бейімделген сирек кездесетін өсімдіктерді кейде сағым ба деп қаларсыз. В.И.Даль жасаған сөздікке сүйенсек, «шөл дала – оңаша, адамсыз мекен» деген мағына береді. Шындығында, шөл дала судың жеткіліксіздігінің салдарынан адам өмір сүруге қолайсыз жер болып табылады. Сексеуілдің болмашы көлеңкесіне түйенің өзі тасаланғысы келетін жаздың күндері месілінше аптап ыстық. Дегенмен, қараған көзге тіршілік нышаны байқалмайтын шөл далада да құрғақ климатқа бейімделген өмір жүріп жатады. Жаздың аптап ыстығы, қыстың сүйектен өтер желінен соң, көктем айларында қайырымды сиқыршыдай, ұйқыдағы сұлуды оятқандай табиғат түрленіп ала жәнеледі, салтанатты түрге енген қуаң дала қатты сүйсіндіріп, таң қалдырады. Естен кетпестей көрініс пен сиқырлы әлем, өмір салтанаты түрлі бояуларға оранады. Тап-таза ауа бозторғай өнімен бірге сыңғырлайды, күн көзінде жатқан уақытша көлшіктер мен шалшықтарда бадыраң көзді бақалар аунайды, тамақтарын кере көңілді бақылдайды, жағасында ұзын аяқты батпақшы құстар маужырайды, құм төбелерде дуадақтар көкірегін кере сәнді күлгін ғанаттарын жайып ойнақ салады, көптеген үлкенді-кішілі тасбақалар да асыға өз тірліктеріне жорғалап кетіп барады, күлкілі құрсақты кесірткелер құйрығын сақинаша ширатып, жалпақ бастарын жып-жылы құм астына тығып маужырайды. Гүлдерінің өткір иісімен мағына бүкіл құрт-құмырсқа мен жәндіктерді жинаған кіп-кішкене ағаш бұталар бой түзейді. Қып-қызыл көкнар гүлдері мен сары қызғалдақтардан кілемше жайылғандай көрініс береді. Су тапшылығына бейімделген бүкіл тіршілік иелері түнде, салқын түскен мезгілде, әрекет етеді. Шөл далада кесіртке, жылан, түрлі кеміргіштерден басқа ірі аңдар да мекен етеді. Олар қояндар мен құм тышқандарының жауы – түлкі мен қарсақтар, жабайы дала мысықтары, жүйрік қарақұйрықтар, сілеусіндер. Қаратаудың солтүстігіне қарай, шөл далада, сілеусіндердің кездескені жайлы ғылыми мәліметтер бар. Мүмкін сирек кездесетін бұл жыртқыш әлі күнге дейін өзіне қолайлы табиғаттың бір бұрышында мекендейтін болар. Оңтүстік Қазақстан облысының Оңтүстік-батысында Өзбекстан мен Сырдария өзені аралығында қуаң дала Қызылқұм орналасқан. Мойынқұм даласы – Қаратаудың солтүстік-шығысы мен Шу өзенінің сол жағасында. Солтүстігі Бетпақдаламен жалғасады. Қызылқұм мен Мойынқұм – құмды шөл дала. Құм ылғалды бойына жақсы сіңіргендіктен, жоғарғы қабатындағы бұл құбылысты пайдаланып, қызғалдақ, қандым, сексеуіл, жүзген, бетеге мен боз, арпабас, селеу, т.б. өседі. Қазақстанның оңтүстігінде дермене – дәрі жасау өндірісінің шикізаты – өседі. ХІХ ғасырда Шымкенттік көпестер Еуропамен тікелей сантонинмен саудаласқан. Кейін химия мен фармакология дамуымен ұмытылып, қазіргі уақытта дерменеге деген қызығушылық қайта оянды (Экологиялық таза өнім, әрі дәрі ретінде). Қызылқұм құмдарында, Шымкент тұсында Сырдария өзенінен 30 км жерде, Карақтау тауы орналасқан. Биіктігі 388 м. Оңтүстік Қазақстанда өте сирек кездесетін арқар осы жерде ғана мекендейді. Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі мен Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Сазды жерде судың жерге сіңбеуінен үлкенді-кішілі шалшықтар пайда болады. Кішігірім көлшіктер сорға айналады. Аптап жел мен ыстың күннің әсерінен шалшықтар кеуіп, жарыла, соры шыққан тақырға айналады. Тақыр жер – мүлдем тіршілік нышаны білінбейтін, топырағы шырт-шырт жарылған ай тақыр. Бірақ бұл жердің де өзіне тән өмірі бар. Мұнда жусан, қараған, сексеуіл өседі. Сонымен қатар жездей қатты жапырақты баялыш өседі. Баялыш тоғайында жақында ғана әлемге белгілі болған селевиния ағы мекендейді. Дала жұмбаққа толы сырларымен әлі де адамзатты таңдандырып келеді. Оңтүстік Қазақстан даласын Қаратау жоталары бөле отырып, Оңтүстік-шығысында Батыс Тянь-Шаньның сілемдеріне жақын келеді. Өзбекстанмен шектесетін Талас Алатауының Қаржантау және Өгем жоталарына келіп тіреледі. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Оңтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысы мен Оңтүстік-батысының айтарлықтай бөлігін Қызылқұм мен Мойынқұм шөлдері және сазды, қуаң Бетпақдала алып жатыр. Шөл дала ландшафты әртүрлі: шексіз кеңістік сусымалы құмнан тұрса, кейде құбылмалы құм төбелерден, кейде батпақты төбешік пен ойпаттардан, тіпті бетон тәрізді қатты тақырдан, бетіне соры шыққан жерден тұрады. Осы жерге бейімделген сирек кездесетін өсімдіктерді кейде сағым ба деп қаларсыз. В.И.Даль жасаған сөздікке сүйенсек, «шөл дала – оңаша, адамсыз мекен» деген мағына береді. Шындығында, шөл дала судың жеткіліксіздігінің салдарынан адам өмір сүруге қолайсыз жер болып табылады. Сексеуілдің болмашы көлеңкесіне түйенің өзі тасаланғысы келетін жаздың күндері месілінше аптап ыстық. Дегенмен, қараған көзге тіршілік нышаны байқалмайтын шөл далада да құрғақ климатқа бейімделген өмір жүріп жатады.

Жаздың аптап ыстығы, қыстың сүйектен өтер желінен соң, көктем айларында қайырымды сиқыршыдай, ұйқыдағы сұлуды оятқандай табиғат түрленіп ала жәнеледі, салтанатты түрге енген қуаң дала қатты сүйсіндіріп, таң қалдырады. Естен кетпестей көрініс пен сиқырлы әлем, өмір салтанаты түрлі бояуларға оранады.

Тап-таза ауа бозторғай өнімен бірге сыңғырлайды, күн көзінде жатқан уақытша көлшіктер мен шалшықтарда бадыраң көзді бақалар аунайды, тамақтарын кере көңілді бақылдайды, жағасында ұзын аяқты батпақшы құстар маужырайды, құм төбелерде дуадақтар көкірегін кере сәнді күлгін ғанаттарын жайып ойнақ салады, көптеген үлкенді-кішілі тасбақалар да асыға өз тірліктеріне жорғалап кетіп барады, күлкілі құрсақты кесірткелер құйрығын сақинаша ширатып, жалпақ бастарын жып-жылы құм астына тығып маужырайды. Гүлдерінің өткір иісімен мағына бүкіл құрт-құмырсқа мен жәндіктерді жинаған кіп-кішкене ағаш бұталар бой түзейді. Қып-қызыл көкнар гүлдері мен сары қызғалдақтардан кілемше жайылғандай көрініс береді. Су тапшылығына бейімделген бүкіл тіршілік иелері түнде, салқын түскен мезгілде, әрекет етеді.

Шөл далада кесіртке, жылан, түрлі кеміргіштерден басқа ірі аңдар да мекен етеді. Олар қояндар мен құм тышқандарының жауы – түлкі мен қарсақтар, жабайы дала мысықтары, жүйрік қарақұйрықтар, сілеусіндер. Қаратаудың солтүстігіне қарай, шөл далада, сілеусіндердің кездескені жайлы ғылыми мәліметтер бар. Мүмкін сирек кездесетін бұл жыртқыш әлі күнге дейін өзіне қолайлы табиғаттың бір бұрышында мекендейтін болар.

Оңтүстік Қазақстан облысының Оңтүстік-батысында Өзбекстан мен Сырдария өзені аралығында қуаң дала Қызылқұм орналасқан. Мойынқұм даласы – Қаратаудың солтүстік-шығысы мен Шу өзенінің сол жағасында. Солтүстігі Бетпақдаламен жалғасады. Қызылқұм мен Мойынқұм – құмды шөл дала. Құм ылғалды бойына жақсы сіңіргендіктен, жоғарғы қабатындағы бұл құбылысты пайдаланып, қызғалдақ, қандым, сексеуіл, жүзген, бетеге мен боз, арпабас, селеу, т.б. өседі. Қазақстанның оңтүстігінде дермене – дәрі жасау өндірісінің шикізаты – өседі. ХІХ ғасырда Шымкенттік көпестер Еуропамен тікелей сантонинмен саудаласқан. Кейін химия мен фармакология дамуымен ұмытылып, қазіргі уақытта дерменеге деген қызығушылық қайта оянды (Экологиялық таза өнім, әрі дәрі ретінде). Қызылқұм құмдарында, Шымкент тұсында Сырдария өзенінен 30 км жерде, Карақтау тауы орналасқан. Биіктігі 388 м. Оңтүстік Қазақстанда өте сирек кездесетін арқар осы жерде ғана мекендейді. Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі мен Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Сазды жерде судың жерге сіңбеуінен үлкенді-кішілі шалшықтар пайда болады. Кішігірім көлшіктер сорға айналады. Аптап жел мен ыстың күннің әсерінен шалшықтар кеуіп, жарыла, соры шыққан тақырға айналады. Тақыр жер – мүлдем тіршілік нышаны білінбейтін, топырағы шырт-шырт жарылған ай тақыр. Бірақ бұл жердің де өзіне тән өмірі бар. Мұнда жусан, қараған, сексеуіл өседі. Сонымен қатар жездей қатты жапырақты баялыш өседі. Баялыш тоғайында жақында ғана әлемге белгілі болған селевиния ағы мекендейді. Дала жұмбаққа толы сырларымен әлі де адамзатты таңдандырып келеді.

Оңтүстік Қазақстан даласын Қаратау жоталары бөле отырып, Оңтүстік-шығысында Батыс Тянь-Шаньның сілемдеріне жақын келеді. Өзбекстанмен шектесетін Талас Алатауының Қаржантау және Өгем жоталарына келіп тіреледі.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу: