Өнеркәсіп

2 Ақпан 2013, 09:10

Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздің барит, көмір, темір және полиметалл рудалары, бентонит саз, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, гипс, кварц құмдары сияқты пайдалы қазбаларға бай аса ірі өңірі. Табиғи ресурстардың бай кені – түсті металлургияның, химия, тас көмір, мұнай және құрылыс саласының, сондай-ақ жергілікті шикізатты өңдеу өнеркәсібінің дамуына түрткі болды. Уран қоры бойынша облыс Қазақстанда бірінші орында, фосфориттер мен темір рудасы бойынша үшінші орында. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында мұнда «Юсталькон» ЖШС, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» және т.б. сияқты өнеркәсіп майталмандары өз жобаларын іске асыруда. Шағын және орта бизнес жедел қарқынмен дамуда, мұндағы көшбасшылар – «FERRUM-VTOR» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Визит» АҚ, «ЖБИ-С» ЖШС және ондаған қолданыстағы кәсіпорындар. Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» өнеркәсіптік аймағы құрылған, оның аумағында «Бизнестің жол картасы – 2020», «Өнімділік – 2020», «Экспортшы – 2020, «Жұмыспен қамту – 2020» сияқты мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл өнеркәсіптік өндіріс көлемін 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда орта есеппен жеті пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі. Сондықтан тоқыма бұйымдары, киім мен қағаз өндірісіне мамандандырылған «Оңтүстік» арнаулы экономикалық аймағы құрылды. Облыстың мақта кластерін дамыту мақсатында үш кәсіпорын жұмыс істейді: «Хлопкопром-Целлюлоза» («Мақта өнеркәсібі – Целлюлоза») ЖШС, Шымкент-Кашемир» ЖШС және «Oxy Textile» ЖШС. Облыстың төл сауда белгілерін 182 ірі және орта өнеркәсіп орындары ұсынады, олар бүкіл Қазақстанда өндірілетін өнеркәсіп өнім көлемінің шамамен 2,5 пайызын шығарады. Олардың өнімдері тек республика нарығында ғана емес, бүкіл дүниежүзінде де сұранысқа ие. Мұнда қорғасын, цемент, экскаваторлар, күш трансформаторлары, май ажыратқыштар, жиһаз, былғары шикізаты, мұнай өнімдері, авто-трактор шиналары, шұлық-ұйық және тігін бұйымдары өндіріледі. Экспорттық бұйымдар әлемнің 47 еліне тасымалданады, оның 8-і таяу шетел болса, 39-ы алыс шетел болып саналады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысының жобасын Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Бұл жоба еліміздің экономикасы үшін маңызды болып табылады. Газ құбырларын пайдалануға беру Республикамыздың Оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз ету мәселесін біржола шешіп, салық және транзиттік газды тасымалдаудан түскен табыс Қазақстанның байлығын еселей түсетін болады. Сонымен бірге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры бүкіл қазақстандық газ магистральдарын біртұтас газтасымалдау жүйесіне біріктіреді. 2011 жылы Көксарай су реттегішінің құрылысы аяқталып, нысан толық қуатпен жұмыс істей бастады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында, Шардара су қоймасынан 160 шақырым төменде Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Су реттегіштің жобалық көлемі 3 миллиард текше метр, су айлағының ауданы 46745 га. өткізгіштік қабілеті секундына 500 шаршы метр келетін ұзындығы 16 шақырым су әкелуші арна мен 10,2 шақырым су әкетуші арна, ұзындығы 44,7 шақырым, орташа биіктігі 7,7 метр тоған тұрғызылған. «Ғасыр жобасы» атанған ауқымды жоба Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асты. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздің барит, көмір, темір және полиметалл рудалары, бентонит саз, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, гипс, кварц құмдары сияқты пайдалы қазбаларға бай аса ірі өңірі. Табиғи ресурстардың бай кені – түсті металлургияның, химия, тас көмір, мұнай және құрылыс саласының, сондай-ақ жергілікті шикізатты өңдеу өнеркәсібінің дамуына түрткі болды. Уран қоры бойынша облыс Қазақстанда бірінші орында, фосфориттер мен темір рудасы бойынша үшінші орында. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында мұнда «Юсталькон» ЖШС, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» және т.б. сияқты өнеркәсіп майталмандары өз жобаларын іске асыруда.

Шағын және орта бизнес жедел қарқынмен дамуда, мұндағы көшбасшылар – «FERRUM-VTOR» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Визит» АҚ, «ЖБИ-С» ЖШС және ондаған қолданыстағы кәсіпорындар. Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» өнеркәсіптік аймағы құрылған, оның аумағында «Бизнестің жол картасы – 2020», «Өнімділік – 2020», «Экспортшы – 2020, «Жұмыспен қамту – 2020» сияқты мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл өнеркәсіптік өндіріс көлемін 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда орта есеппен жеті пайызға арттыруға мүмкіндік берді.

Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі. Сондықтан тоқыма бұйымдары, киім мен қағаз өндірісіне мамандандырылған «Оңтүстік» арнаулы экономикалық аймағы құрылды. Облыстың мақта кластерін дамыту мақсатында үш кәсіпорын жұмыс істейді: «Хлопкопром-Целлюлоза» («Мақта өнеркәсібі – Целлюлоза») ЖШС, Шымкент-Кашемир» ЖШС және «Oxy Textile» ЖШС.

Облыстың төл сауда белгілерін 182 ірі және орта өнеркәсіп орындары ұсынады, олар бүкіл Қазақстанда өндірілетін өнеркәсіп өнім көлемінің шамамен 2,5 пайызын шығарады. Олардың өнімдері тек республика нарығында ғана емес, бүкіл дүниежүзінде де сұранысқа ие. Мұнда қорғасын, цемент, экскаваторлар, күш трансформаторлары, май ажыратқыштар, жиһаз, былғары шикізаты, мұнай өнімдері, авто-трактор шиналары, шұлық-ұйық және тігін бұйымдары өндіріледі. Экспорттық бұйымдар әлемнің 47 еліне тасымалданады, оның 8-і таяу шетел болса, 39-ы алыс шетел болып саналады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысының жобасын Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Бұл жоба еліміздің экономикасы үшін маңызды болып табылады. Газ құбырларын пайдалануға беру Республикамыздың Оңтүстік аймақтарын газбен қамтамасыз ету мәселесін біржола шешіп, салық және транзиттік газды тасымалдаудан түскен табыс Қазақстанның байлығын еселей түсетін болады. Сонымен бірге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры бүкіл қазақстандық газ магистральдарын біртұтас газтасымалдау жүйесіне біріктіреді.

2011 жылы Көксарай су реттегішінің құрылысы аяқталып, нысан толық қуатпен жұмыс істей бастады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында, Шардара су қоймасынан 160 шақырым төменде Сырдария өзенінің бойында орналасқан. Су реттегіштің жобалық көлемі 3 миллиард текше метр, су айлағының ауданы 46745 га. өткізгіштік қабілеті секундына 500 шаршы метр келетін ұзындығы 16 шақырым су әкелуші арна мен 10,2 шақырым су әкетуші арна, ұзындығы 44,7 шақырым, орташа биіктігі 7,7 метр тоған тұрғызылған. «Ғасыр жобасы» атанған ауқымды жоба Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу: