Экономика және бизнес

2 Ақпан 2013, 08:13

Республикалық көрсеткіштер экономикалық тұрғыдан алғанда Шымкенттің Қазақстандағы алғашқы бес қаланың санатына кіретінін көрсетеді. Оңтүстік өңір өнеркәсіп әлеуетінің негізгі қоры осы Шымкент қаласына шоғырланған. Түсті металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау өндірісі Шымкенттегі негізгі кәсіпорындарды құрайды. «Петро Казахстан», «Химфарм» АҚ, «Ютекс», «Казахско-Российский текстиль», «РФС», «Восход и Юг», «Восход и К», «Инкомтайер», «Рахат Шымкент» ЖШС, «КитСо», «Юг-ФС», тағы да бірқатар құрылыс компаниялары осы саладағы ірі кәсіпорын қатарына жатады. Қаладағы өнеркәсіптік кәспорындардың көпшілігі аймақтық кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның негізгі идеясы – өз өндірісін дамыта отырып, ел экономикасының алға басуына үлес қосқысы келетіндерге көмек көрсетуге арналған. Оған экономиканың айрықша назар аударылған салаларында жұмыс істейтін кәсіпкер қатысып, тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарлама шегінде банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдауға ие бола алады. «Бизнестің жол картасы» елді үдемелі-индустриалды дамыту бағдарламасы шегінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жасалған еді. Қазақстан бәсекеге қабілетті елге айналуы, ол үшін импортқа тәуелділікті қысқартып, халықты жұмыспен қамту, дайын өнімдер мен қызмет көрсету саласынан мемлекеттік бюджет түсімдерін ұлғайту қажет. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының қаржылық агенті «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры болып саналады. Оның басты міндеті – бағдарлама бойынша жүзеге асыруға қажетті қаржының ашық та тез жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуын бақылау. Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы» Қазақстанның оңтүстігінде танымал бағдарламаға айналды. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында осы бағдарлама бойынша 170 жобаға қолдау көрсетіліп, оларға жалпы сомасы 5,25 млрд. теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар бизнесті енді бастағандар үшін де тегін курстар ашылып, оқу-тәжірибеден өткізілді. Барлығы қырық мыңға жуық адам осындай курстан оқып шықты. Мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетілген жобалардың қай-қайсысы да Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы үшін әлеуметтік маңызы зор, өйткені бұлардың барлығы да жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке салық төлейтін болады. Осы бағдарлама бойынша 9 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 1500 жұмыс орыны ашылды. 1 млрд теңгеден астам салық төленді. «Жол картасы – 2020» бағдарламасына жаңадан ашылған кәсіпорындармен қатар, рынокта өзін бұрыннан танытып келе жатқан белгілі кәсіпорындар да қатыса алады. Соңғыларының қатарына «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «АлтынДән» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «НПО «Зерде» ЖШС, «Визит» ЖШС, «Авиакомпания «SKAT» АҚ және т.б. «Мыңбаев», «Құдайбергенов» сияқты жеке кәсіпкерліктер аталған бағдарламаның кез-келген салаға қолдау жасайтынын көрсетті. Шағын және орта бизнес қаланың экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Кәсіпкерлер мыңдаған адамды жұмысқа тартып, бюджет кірістерін толықтыруда. Мемлекет шағын және орта бизнеске әрдайым көмек қолын созып келеді. Бүгінде Шымкентте «Оңтүстік» экономикалық аймағы мен 2007 жылы құрылған «Оңтүстік» ӘӘК ұлттық компаниясы табысты жұмыс істеуде. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі-индустриалды даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Шымкент қаласында ауыл шаруашылығына бағытталған 18 мың гектар жер болса, қала шекарасы кеңейтілгеннен кейін ол 40 мың гектардан аспақ. Сүт өндірісі, жылыжай, жеміс-жидек қоймалары, гүл өсіретін жабық питомниктер құрылыстарын салу жоспарланып отыр. Таяу аралықта Шымкент тұрғындары жергілікті азық-түлікпен қамтамасыз етілетін болады. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Республикалық көрсеткіштер экономикалық тұрғыдан алғанда Шымкенттің Қазақстандағы алғашқы бес қаланың санатына кіретінін көрсетеді. Оңтүстік өңір өнеркәсіп әлеуетінің негізгі қоры осы Шымкент қаласына шоғырланған. Түсті металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау өндірісі Шымкенттегі негізгі кәсіпорындарды құрайды. «Петро Казахстан», «Химфарм» АҚ, «Ютекс», «Казахско-Российский текстиль», «РФС», «Восход и Юг», «Восход и К», «Инкомтайер», «Рахат Шымкент» ЖШС, «КитСо», «Юг-ФС», тағы да бірқатар құрылыс компаниялары осы саладағы ірі кәсіпорын қатарына жатады. Қаладағы өнеркәсіптік кәспорындардың көпшілігі аймақтық кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның негізгі идеясы – өз өндірісін дамыта отырып, ел экономикасының алға басуына үлес қосқысы келетіндерге көмек көрсетуге арналған. Оған экономиканың айрықша назар аударылған салаларында жұмыс істейтін кәсіпкер қатысып, тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарлама шегінде банктер арқылы мемлекеттен қаржылық қолдауға ие бола алады. «Бизнестің жол картасы» елді үдемелі-индустриалды дамыту бағдарламасы шегінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жасалған еді.

Қазақстан бәсекеге қабілетті елге айналуы, ол үшін импортқа тәуелділікті қысқартып, халықты жұмыспен қамту, дайын өнімдер мен қызмет көрсету саласынан мемлекеттік бюджет түсімдерін ұлғайту қажет. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының қаржылық агенті «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры болып саналады.

Оның басты міндеті – бағдарлама бойынша жүзеге асыруға қажетті қаржының ашық та тез жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуын бақылау. Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы» Қазақстанның оңтүстігінде танымал бағдарламаға айналды. Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында осы бағдарлама бойынша 170 жобаға қолдау көрсетіліп, оларға жалпы сомасы 5,25 млрд. теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар бизнесті енді бастағандар үшін де тегін курстар ашылып, оқу-тәжірибеден өткізілді. Барлығы қырық мыңға жуық адам осындай курстан оқып шықты. Мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетілген жобалардың қай-қайсысы да Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы үшін әлеуметтік маңызы зор, өйткені бұлардың барлығы да жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке салық төлейтін болады. Осы бағдарлама бойынша 9 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 1500 жұмыс орыны ашылды. 1 млрд теңгеден астам салық төленді.

«Жол картасы – 2020» бағдарламасына жаңадан ашылған кәсіпорындармен қатар, рынокта өзін бұрыннан танытып келе жатқан белгілі кәсіпорындар да қатыса алады. Соңғыларының қатарына «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Шымкентмай» АҚ, «АлтынДән» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «НПО «Зерде» ЖШС, «Визит» ЖШС, «Авиакомпания «SKAT» АҚ және т.б. «Мыңбаев», «Құдайбергенов» сияқты жеке кәсіпкерліктер аталған бағдарламаның кез-келген салаға қолдау жасайтынын көрсетті.

Шағын және орта бизнес қаланың экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Кәсіпкерлер мыңдаған адамды жұмысқа тартып, бюджет кірістерін толықтыруда. Мемлекет шағын және орта бизнеске әрдайым көмек қолын созып келеді. Бүгінде Шымкентте «Оңтүстік» экономикалық аймағы мен 2007 жылы құрылған «Оңтүстік» ӘӘК ұлттық компаниясы табысты жұмыс істеуде. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі-индустриалды даму бағдарламасы жүзеге асырылуда. Шымкент қаласында ауыл шаруашылығына бағытталған 18 мың гектар жер болса, қала шекарасы кеңейтілгеннен кейін ол 40 мың гектардан аспақ. Сүт өндірісі, жылыжай, жеміс-жидек қоймалары, гүл өсіретін жабық питомниктер құрылыстарын салу жоспарланып отыр. Таяу аралықта Шымкент тұрғындары жергілікті азық-түлікпен қамтамасыз етілетін болады.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу: