2 Ақпан 2013, 08:12
Қаланың мәдени өмірі ең әуелі тұтас Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі полиэтникалық қоғамның ұлттық мәдени болмыс-бітімімен тығыз байланыстың Шымкентте барлығы 19 мәдени-ұлттық орталық бар: қазақ, славян, өзбек, татар-башқұрт, неміс, еврей, корей, күрд, поляк, әзербайжан т.б. Бұл орталықтар С.Сейфуллин атындағы Халықтар достығы үйіне орналасқан. Қаладағы 8 саяжай мен сквердің үшеуі XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың бас кезінде пайда болған. 2002 жылы қалада «Даңқ аллеясы», 2007 жылы MegaCenter-Шымкент сауда ойын-сауық кешені ашылды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимараты 2010 жылы қайта жөнделді. Үш мәдениет сарайы да ешуақытта бос болмайды. қазіргі заманғы фильмдерді «Қазақстан» және KinoPark 5 («MegaCenterШымкент» ғимаратында) кинотеатрларынан көруге болады.
Қаңлы мемлекетінің бірегей экспонаттары 1920 жылы негізі қаланған облыстың өлкетану музейінен табылады. Сондай-ақ жергілікті суретшілер көрме өткізетін көркемсурет галереясы және 2 кітапхана жұмыс істейді. Бұрын Абай атындағы саябақ аумағына кіретін жерде 2011 жылы ауқымы жағынан Қазақстанда төртінші орында тұрған (Алматы, Астана, Қарағанды цирктері) 1200 орындық цирк құрылысы аяқталды.
Шымкентті театр қаласы деп нық сеніммен айтуға болады. Мұнда қазақ және орыс облыстың театрлары, опера және балет театры, сатира және юмор театры, қуыршақ театры көрермендердің ықыласына ие болып отыр.
2009 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қаласы көркейе түсіп, Жібек жолы аллеясы мен Тұрар Рысқұлов сквері қосылды. Арада бір жыл өте Даңқ аллеясы ашылса, ұлы Жеңіс құрметіне Абай атындағы қалалық саябаққа Совет Одағының Батырларына, Даңқ орденінің кавалерлеріне, Шымкенттен соқысқа аттанған 140 мың солдатқа арналған бірегей кешен тұрғызылды. Тамаша хайуанаттар бағы мен дендробақтан түрлі ландшафттарда өсетін сан алуан өсімдіктерді көруге болады. Орталық Азияның құрғақ климатында жайқалып тұрған мұндай дендробақ басқа жерде жоқ. Бірегей картиналар галереясы қойылған тарихи этнографиялық музейде аса қызғылықты мағлұматтар жеткілікті.
Шымкенттің орталық алаңы – Тәуелсіздік алаңы қазақтың жаңа тарихының куәгері іспетті. Бұл алаңға әйгілі үш бидің есімі берілген үш көше келіп түйіседі. Абай атындағы саябақ, аквапарк, «Кең баба» этнографиялық саябағы үлкендердің де, балалардың да сүйікті демалыс орындарына айналған. Қалада осы заманғы екі боулинг-орталық пен «Қиял әлемі» технопаркі, аква-парк орын тепкен.
Заманауи қонақ үйлер, халықаралық әуежай, темір жол және автобус вокзалы, әлемнің кез-келген елімен жалғастыратын халықаралық байланыс торабы, алуан түрлі тарихи орындар мен табиғаттың ғажайып ландшафттары Шымкент қонақтарын қарсы алып, қонақжай халықтың шынайы ықыласын танытады. Неше түрлі ас пісіретін ресторандар мен кафелер қала тұрғындары мен қонақтарға қызмет көрсетуге әзір. Көптеген ресторандар мен кафелерде келушілер өз дауысымен ән салып тұрған әншілерді тамашалай алады. Қалай болғанда да Шымкент аса қымбат қала емес.
Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.