Қабірлер

2 Ақпан 2013, 06:36

Кесененің маңдай бетінің құрылысы аяқталмай қалды. Пештак пен мұнаралардың төменгі бөлігі тікбұрышты өрнекті майоликалық панно қойылуға дайындалған күйінде қалған. Пештак қуысында құрылыс барысында пайдаланған ағаш «есектер» сол күйінде қалған. Ғимараттың үш – шығыс, батыс және солтүстік фасадтары ғана әшекейленген. Олар кең түрде эпиграфика қолданылған геометриялық және өсімдік өрнектермен айшықталған. Әсіресе, майоликалық және мозаикалық нақыштар солтүстік порталда көп шоғырланған. Олардың портал үстінде қалықтап тұрған қатпарлы күмбезбен көршілес тұруы – бұл кесененің сыртқы келбетіндегі ең сымбатты және ою-өрнек шоғырланған орын етіп тұр. Қожа Ахмет Йасауидің жаңа кесенесі және оның айналасы дүниеден өткен билік иелері мен олардың отбасы мүшелерінің жерлеу орнына айналды. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің бас порталынан 60 м жерде Әбілқайыр (1429-1468) ханның 1485 жылы қайтыс болған әйелі Рәбия Сұлтан Бегімнің аса көрікті кесенесі бой көтерді. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің ішінде, қазандық залында қазақ ханы Жәнібектің қызы Аманбике ханымның құлпытасы тұрған (қазір Кіші Ақсарай бөлмесінде тұр). Оның бетінде мынадай жазу бар: «Бұл зираттың иесі, (күнәсі) кешірілген, (Алла тағаланың) рақымы түскен, мінез-құлқы таза Аман бике ханым Барақұлы Жәнібектің қызы. Ол 925 жылдың раджаб айында/ 1519 жылдың маусым-шілде айында дүниеден қайтты». Бұл жазу мұнда қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібектің (1469–1474) қызы жатқанын білдіреді. Қадырғали би Қосымұлы жазбаларына қарағанда Түркістанда Шығай ханның (1580-1582) баласы, халық «ұзын оқты Ондан» деп атаған тарихи тұлға осында жерленген: «Ондан сұлтан туралы хикаялар көп жерде кездеседі. Ол ержүрек батыр, садақ атудың да керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті. Шығай хан тұсында әскердің бас қолбасшысы болды. Ол туралы тарихта көптен белгілі. Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келгенде жігіт шағында шейіт болды. Оның қабырі Қожа Ахмет Йасауидің панахінде (қасында) жерленді». 1582 жылы Бұқара ханы Абдаллах II (1583-1598) Ясы тұрғындарының қатты қарсылығына қарамастан қаланы басып алды. Қожа Ахмет Йасауидің кесенесіндегі зерттеулер Абдаллах хан кезінде, дәлірек айтсақ, 1591-1592 жылдары, пештак төбесін өру жұмыстары жүргізілгенін, пештактағы ХІV ғасырдың бұзылған ойығы орнына «Абдаллах хан ойығы» деп аталған жаңа ойық салынғанын, фасад беттеріндегі әшекей-нақыштардың түсіп қалған бөліктерінің орнын сылап қою жұмыстары атқарылғанын көрсетті. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Кесененің маңдай бетінің құрылысы аяқталмай қалды. Пештак пен мұнаралардың төменгі бөлігі тікбұрышты өрнекті майоликалық панно қойылуға дайындалған күйінде қалған. Пештак қуысында құрылыс барысында пайдаланған ағаш «есектер» сол күйінде қалған. Ғимараттың үш – шығыс, батыс және солтүстік фасадтары ғана әшекейленген. Олар кең түрде эпиграфика қолданылған геометриялық және өсімдік өрнектермен айшықталған. Әсіресе, майоликалық және мозаикалық нақыштар солтүстік порталда көп шоғырланған. Олардың портал үстінде қалықтап тұрған қатпарлы күмбезбен көршілес тұруы – бұл кесененің сыртқы келбетіндегі ең сымбатты және ою-өрнек шоғырланған орын етіп тұр.

Қожа Ахмет Йасауидің жаңа кесенесі және оның айналасы дүниеден өткен билік иелері мен олардың отбасы мүшелерінің жерлеу орнына айналды. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің бас порталынан 60 м жерде Әбілқайыр (1429-1468) ханның 1485 жылы қайтыс болған әйелі Рәбия Сұлтан Бегімнің аса көрікті кесенесі бой көтерді. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің ішінде, қазандық залында қазақ ханы Жәнібектің қызы Аманбике ханымның құлпытасы тұрған (қазір Кіші Ақсарай бөлмесінде тұр). Оның бетінде мынадай жазу бар: «Бұл зираттың иесі, (күнәсі) кешірілген, (Алла тағаланың) рақымы түскен, мінез-құлқы таза Аман бике ханым Барақұлы Жәнібектің қызы. Ол 925 жылдың раджаб айында/ 1519 жылдың маусым-шілде айында дүниеден қайтты». Бұл жазу мұнда қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібектің (1469–1474) қызы жатқанын білдіреді.

Қадырғали би Қосымұлы жазбаларына қарағанда Түркістанда Шығай ханның (1580-1582) баласы, халық «ұзын оқты Ондан» деп атаған тарихи тұлға осында жерленген: «Ондан сұлтан туралы хикаялар көп жерде кездеседі. Ол ержүрек батыр, садақ атудың да керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті. Шығай хан тұсында әскердің бас қолбасшысы болды. Ол туралы тарихта көптен белгілі. Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келгенде жігіт шағында шейіт болды. Оның қабырі Қожа Ахмет Йасауидің панахінде (қасында) жерленді».

1582 жылы Бұқара ханы Абдаллах II (1583-1598) Ясы тұрғындарының қатты қарсылығына қарамастан қаланы басып алды. Қожа Ахмет Йасауидің кесенесіндегі зерттеулер Абдаллах хан кезінде, дәлірек айтсақ, 1591-1592 жылдары, пештак төбесін өру жұмыстары жүргізілгенін, пештактағы ХІV ғасырдың бұзылған ойығы орнына «Абдаллах хан ойығы» деп аталған жаңа ойық салынғанын, фасад беттеріндегі әшекей-нақыштардың түсіп қалған бөліктерінің орнын сылап қою жұмыстары атқарылғанын көрсетті.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу: