XVІІІ-ХІХ ғасырлар аралығындағы оңтүстік өңірі

2 Ақпан 2013, 06:21

Қазақ халқына XVІІ ғ. басындағы жоңғар шапқыншылығы қисапсыз қайғы-қасірет әкелді. Қазақ және жоңғар билеушілерінің арасындағы күрес бір ғасырдан астам уақытқа созылды. Ұлттық тәуелсіздіктен айырылып қалу қаупі қазақтарды бірігуге мәжбүр етті. 1726 ж. Ордабасыда болған жалпықазақ құрылтайында қазақтың үш жүзі бірікті. Үш жүздің төбе билері – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би сияқты данышпандардың арқасында қазақтар бір жұдырық болып бірігіп, Отан қорғауға кірісті. Біріккен қазақ жасағы құрылып, оны Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748) басқарды. 1729-1730 жылдары басқыншыларға бірнеше мәрте күйрете соққы беріліп, Кіші жүз бен Орта жүз жерінің біраз бөлігі жаудан тазартылды. Жоңғарлар тарапынан төнген қауіп қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. 1730 ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр орыс патшайымы Анна Иоановнаға бодандыққа алу туралы өтініш берді. 1733-1734 жылдары мұндай өтініштер Орта жүз және ұлы жүз билеушілерінен де түседі. Бірақ Ресейге қосылу, екінші жағынан патша үкіметінің Қазақстанды отарлау процесі 100 жылдан астам уақытқа созылды. ХVІІІ ғасырдың 90-жылдары Оңтүстік Қазақстан аймағының бір бөлігін ташкенттік бек Жүніс қожа басып алды. ХVІІІ-ХІХ ғасырлар тоғысында Қоқан хандығы күшейді. Ташкентте билікті нығайтқан Әлім хан (1801-1809) Оңтүстік Қазақстанға бірнеше жорықтар жасап, бірнеше елдімекенді, Шымкент пен Түркістанды басып алды. 1821 жылы Шымкент, Сайрам, Түркістан, Әулиеата аймақтарындағы қазақ ауылдары қоқандықтарға қарсы көтеріліп, Шымкент, Сайрам қалаларын және басқа бірқатар бекіністерді иеленді. Бұған жауап ретінде қоқандық әскери топтар он шақты қазақ ауылын тас-талқан етті. Оңтүстік Қазақстанда 1850 жылдары Қоқан ханының аймақтық басқарушысы Мырза Ахмет болды, осы кезде қоқандықтар қазақтардың құнарлы суармалы жерлері мен таңдаулы жайылымдарын тартып алып, халыққа ауыр салықтар салды. Бұл бүкіл Оңтүстік Қазақстанда – Шымкент пен Меркеге дейінгі аралықтағы елдің ашу-ызасын туғызып, жаңа көтеріліс жасауға мәжбүр етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей патшалығы Орта Азия мен Қазақстандағы үстемдігін нығайта түсті. 1864 жылы көктемде Перовск (қазіргі Қызылорда) қаласына полковник Веревкин бастаған отрядты, ал Верный (Алматы) қаласына полковник Черняев отрядын жіберді. Жаз бойы олар Қоқан хандығының жасағымен соғысып, Түркістанды, Әулиеата мен Меркені алды, жыл соңында орыс әскерлері Шымкент қаласына кірді. 1865 жылы Шымкент әкімшілік орталығы Ташкент болып есептелетін Түркістан генерал-губернаторына қарасты жаңадан құрылған уездік қала болды. Осы кезден бастап елеулі өзгерістер еніп, жаңа Шымкент салынып, дами түсті. Еуропалық сипаттағы жаңа үйлер, ерекше сәнді уездік мекеме ғимараттары, саудагерлер мен шенеуніктердің жеке үйлері көз тартты. Шымкенттің еуропалық Ресей, Орта Азия мен Сібірге қарай баратын сауда жолдарының тоғысқан жерінде тұруы бүкіл аймақта экономикалық рөлінің артуына себепкер болды. Шымкенттің шаруашылық маңызы жайлы Түркістан өлкесіне арналған жол көрсеткіште (1901 ж) мынадай сипатама берілген. «Ол Ташкентті Сайрам бидайымен, таза сиыр сүтімен асырап отыр. Волга бойындағы шұға басатын фабрикалар онан жүн, шетелдік зауыттар тері, шұжық цехтары – ішек, әлемге әйгілі ішек құрттарына қарсы дәрі жасау үшін дермене алады. Қала жылқы саудасымен әйгілі». Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Қазақ халқына XVІІ ғ. басындағы жоңғар шапқыншылығы қисапсыз қайғы-қасірет әкелді. Қазақ және жоңғар билеушілерінің арасындағы күрес бір ғасырдан астам уақытқа созылды. Ұлттық тәуелсіздіктен айырылып қалу қаупі қазақтарды бірігуге мәжбүр етті. 1726 ж. Ордабасыда болған жалпықазақ құрылтайында қазақтың үш жүзі бірікті. Үш жүздің төбе билері – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би сияқты данышпандардың арқасында қазақтар бір жұдырық болып бірігіп, Отан қорғауға кірісті. Біріккен қазақ жасағы құрылып, оны Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1693-1748) басқарды. 1729-1730 жылдары басқыншыларға бірнеше мәрте күйрете соққы беріліп, Кіші жүз бен Орта жүз жерінің біраз бөлігі жаудан тазартылды.

Жоңғарлар тарапынан төнген қауіп қазақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. 1730 ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр орыс патшайымы Анна Иоановнаға бодандыққа алу туралы өтініш берді. 1733-1734 жылдары мұндай өтініштер Орта жүз және ұлы жүз билеушілерінен де түседі. Бірақ Ресейге қосылу, екінші жағынан патша үкіметінің Қазақстанды отарлау процесі 100 жылдан астам уақытқа созылды.

ХVІІІ ғасырдың 90-жылдары Оңтүстік Қазақстан аймағының бір бөлігін ташкенттік бек Жүніс қожа басып алды. ХVІІІ-ХІХ ғасырлар тоғысында Қоқан хандығы күшейді. Ташкентте билікті нығайтқан Әлім хан (1801-1809) Оңтүстік Қазақстанға бірнеше жорықтар жасап, бірнеше елдімекенді, Шымкент пен Түркістанды басып алды. 1821 жылы Шымкент, Сайрам, Түркістан, Әулиеата аймақтарындағы қазақ ауылдары қоқандықтарға қарсы көтеріліп, Шымкент, Сайрам қалаларын және басқа бірқатар бекіністерді иеленді. Бұған жауап ретінде қоқандық әскери топтар он шақты қазақ ауылын тас-талқан етті. Оңтүстік Қазақстанда 1850 жылдары Қоқан ханының аймақтық басқарушысы Мырза Ахмет болды, осы кезде қоқандықтар қазақтардың құнарлы суармалы жерлері мен таңдаулы жайылымдарын тартып алып, халыққа ауыр салықтар салды. Бұл бүкіл Оңтүстік Қазақстанда – Шымкент пен Меркеге дейінгі аралықтағы елдің ашу-ызасын туғызып, жаңа көтеріліс жасауға мәжбүр етті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей патшалығы Орта Азия мен Қазақстандағы үстемдігін нығайта түсті. 1864 жылы көктемде Перовск (қазіргі Қызылорда) қаласына полковник Веревкин бастаған отрядты, ал Верный (Алматы) қаласына полковник Черняев отрядын жіберді. Жаз бойы олар Қоқан хандығының жасағымен соғысып, Түркістанды, Әулиеата мен Меркені алды, жыл соңында орыс әскерлері Шымкент қаласына кірді.

1865 жылы Шымкент әкімшілік орталығы Ташкент болып есептелетін Түркістан генерал-губернаторына қарасты жаңадан құрылған уездік қала болды. Осы кезден бастап елеулі өзгерістер еніп, жаңа Шымкент салынып, дами түсті. Еуропалық сипаттағы жаңа үйлер, ерекше сәнді уездік мекеме ғимараттары, саудагерлер мен шенеуніктердің жеке үйлері көз тартты.

Шымкенттің еуропалық Ресей, Орта Азия мен Сібірге қарай баратын сауда жолдарының тоғысқан жерінде тұруы бүкіл аймақта экономикалық рөлінің артуына себепкер болды. Шымкенттің шаруашылық маңызы жайлы Түркістан өлкесіне арналған жол көрсеткіште (1901 ж) мынадай сипатама берілген. «Ол Ташкентті Сайрам бидайымен, таза сиыр сүтімен асырап отыр. Волга бойындағы шұға басатын фабрикалар онан жүн, шетелдік зауыттар тері, шұжық цехтары – ішек, әлемге әйгілі ішек құрттарына қарсы дәрі жасау үшін дермене алады. Қала жылқы саудасымен әйгілі».

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу: