Оңай түскен олжа (видео)

2 Ақпан 2013, 04:47

Ұлыбританияның тұрғыны Кен Вилмен аяқастынан байып шыға келді. Ол жағалауда итімен серуендеп жүріп тапқан дөңгелек пішінді ерекше заттың арқасында айтарлықтай табысқа жетті. Беймәлім заттың не екенін білу үшін Кен Вилмен ғаламтордан іздестіріп, оның амбра екенін анықтады.  Жағымсыз иісі бар  сирек кездесетін амбра  киттердің ас қорыту жолдарында пайда болатын зат екен.  Ол косметикалық тауарлар мен хош иісті иіс май жасау саласында аса бағалы шикізат болып келеді. Мұны естіген Еуропа елдеріндегі кәсіпкерлер Вилменмен хабарласып, құнды затты 100 мың еуроға сатыл алмақшы.

Ұлыбританияның тұрғыны Кен Вилмен аяқастынан байып шыға келді.

Ол жағалауда итімен серуендеп жүріп тапқан дөңгелек пішінді ерекше заттың арқасында айтарлықтай табысқа жетті. Беймәлім заттың не екенін білу үшін Кен Вилмен ғаламтордан іздестіріп, оның амбра екенін анықтады.  Жағымсыз иісі бар  сирек кездесетін амбра  киттердің ас қорыту жолдарында пайда болатын зат екен.  Ол косметикалық тауарлар мен хош иісті иіс май жасау саласында аса бағалы шикізат болып келеді. Мұны естіген Еуропа елдеріндегі кәсіпкерлер Вилменмен хабарласып, құнды затты 100 мың еуроға сатыл алмақшы.

Бөлісу: