«Матчтың бірінші таймында қазақстандық жас футболшыларға өз өнерлерін ортаға салуға мүмкіндік берілді. Алғашқы тайм 1:0 есебімен аяқталды. Бірінші голды клубтың жаңа бразилиялық футболшысы Зелао соқты », - делінген ақпаратта.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, екі бас жаттықтырушы екінші тайм басталарда командалар құрамын өзгертті. Астаналықтар қарсыласының қақпасына екі гол соғып, өз қақпасына бір гол өткізіп алды.
BNews.kz