2012 жылы монополияға қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу жұмыстары күшейтілген

1 Ақпан 2013, 10:26

2012 жылы монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтау мен алдын алу жұмыстары күшейтілген. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомство басшысы Болатбек Қуандықов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2012 жылы монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі бойынша Агенттік 170 тергеу жұмысын аяқтады. Бұл 2011 жыл деңгейінен 33%-ға көп. 2011 жылы 128 тергеу жүргізілген. Бұл ретте, аяқталған тергеулердің 89,4%-ынан ереже бұзу оқиғасы анықталған. Бұл монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтау мен алдын алу жұмыстарының күшейтілгенін көрсетеді», -деді Б.Қуандықов. Монополияға қарсы заңнаманы бұзудың салаларға қатысты үлесі төмендегідей: Отын-энергетикалық кешен нарығы - 24%, Көлік және байланыс - 12%, Агроөнеркәсіптік кешен - 15%, Мемлекеттік органдар - 13%, Қаржы нарықтары - 3%, Өзге нарықтар - 33%. Диана Құлмағанбетова

2012 жылы монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтау мен алдын алу жұмыстары күшейтілген. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында ведомство басшысы Болатбек Қуандықов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012 жылы монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі бойынша Агенттік 170 тергеу жұмысын аяқтады. Бұл 2011 жыл деңгейінен 33%-ға көп. 2011 жылы 128 тергеу жүргізілген. Бұл ретте, аяқталған тергеулердің 89,4%-ынан ереже бұзу оқиғасы анықталған. Бұл монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтау мен алдын алу жұмыстарының күшейтілгенін көрсетеді», -деді Б.Қуандықов.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзудың салаларға қатысты үлесі төмендегідей:

Отын-энергетикалық кешен нарығы - 24%,

Көлік және байланыс - 12%,

Агроөнеркәсіптік кешен - 15%,

Мемлекеттік органдар - 13%, Қаржы нарықтары - 3%,

Өзге нарықтар - 33%.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу: