Дін істері агенттігі өткен жылы 3736 діни кітап пен ақпараттық материалға сараптама жүргізген. Бұл жөнінде бүгін ҚР Дін істері агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қайрат Лама Шариф бүгінгі күні діни әдебиеттерге және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарға сараптама жүргізу жұмысы бір жүйеге келтірілгенін алға тартты. «Бүгінде сараптама Қазақстандағы дәстүрлі емес конфессиялар ықпалының артуына қарсы күресудің тиімді құралына және де елімізде экстремистік сипаттағы діни әдебиеттердің таралуына тосқауыл қоюға мүмкіндік беретін «рухани фильтрге» айналып отыр. Осы бағытты дамыту үшін агенттік дінтану сараптамасын жүргізуге талап қоюды күшейту жұмысын жалғастыруда», - деді агенттік төрағасы.
Айымгүл Әбілева