Бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау кеңейтілген алқа отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатты қалдықтарды өңдеу зауыттарын салуға инвестиция тарту жұмыстарын қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жыл сайын елімізде төрт-бес млн тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Олардың тек бес пайызы ғана жойылады. Сондықтан қалдық өңдеу зауыттарын салу керек. Бұл жұмысқа бизнесті тарту үшін оларға ең алдымен жағдай жасау керек. Мәселен, қалдықтарды жинайтын қоймалар керек. Кәсіпкер жағдай жасалса, қалдық өңдейтін зауыт салуға ниет білдіреді», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары салалық министрлік пен әкімдіктер осы мәселемен айналысуы тиіс деді. Мұнымен қатар олар өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша өзге де кешенді іс-шараларды жалғастыруды тапсырды. Бұл ретте мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуға үлкен көңіл бөлу қажет.
Айымгүл Әбілева