Бір жылда нормативтен тыс шығынды азайтудан 1,5 млрд теңге үнемделді – М.Оспанов

1 Ақпан 2013, 08:39

Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында агенттік төрағасы Мұрат Оспанов өткен жылы нормативтен тыс шығынды азайту нәтижесінде 1,5 млрд теңге үнемделгенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2012 жылы нормативтен тыс шығынды азайту нәтижесінде 1,5 млрд теңге үнемделді. 2013 жылдың соңына дейін нормативтен тыс шығындарды жою жоспарланған. Нормативтік және одан тыс шығындарды азайту бойынша қол жеткізілген көрсеткіштердің барлығы Агенттіктің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес келеді», - деді ол. Диана Құлмағанбетова

Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында агенттік төрағасы Мұрат Оспанов өткен жылы нормативтен тыс шығынды азайту нәтижесінде 1,5 млрд теңге үнемделгенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012 жылы нормативтен тыс шығынды азайту нәтижесінде 1,5 млрд теңге үнемделді. 2013 жылдың соңына дейін нормативтен тыс шығындарды жою жоспарланған. Нормативтік және одан тыс шығындарды азайту бойынша қол жеткізілген көрсеткіштердің барлығы Агенттіктің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес келеді», - деді ол.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу: