29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Бүгінгі қорытынды, министрлік атқарған жұмыстардың нәтижесі қуантады. Әрине, бәрін бірдей алып жүру мүмкін емес болғанымен, халықты төтенше жағдайлар кезінде ақпараттандыру мәселесіне қатысты жұмыс атқару керекпіз. Мысалы, Алматы мен Алматы облысында болған соңғы жер сілкінісі бәрін алаңдатып отыр. Жер сілкінісі туралы мен туысқандарымнан естіп, Владимир Карповқа телефон шалсам, ол кісі әлі естімеген екен. Яғни жер сілкінісі туралы Төтенше жағдайлар министрі әлі хабарсыз отырған. Алматылықтар түгелдей естіп, твиттер парақшаларында жазбалар қалдыра бастады. Біз АҚШ сейсмология институты сияқты шұғыл ақпарат бермесек те, халықты ақпаратсыз қалдыруға болмайды. АҚШ сияқты жұмыс істеу үшін, әрине, қыруар қаржы керек. Дегенмен, біздің, Үкімет тарапынан дұрыс ақпарат берілуі керек. Үкімет осы мәселені қарайтын болады», - деді Б.Сағынтаев.
Айта кетейік, бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа мәжілісі өтті.
Кенжекей Тоқтамұрат
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек