Н.Қаппаров: Қазақстанда су нысандарының 84%-ы «лас» және «өте лас» санатында

1 Ақпан 2013, 05:49

Замените этот текст на текст вашего материалаБүгінгі күні сапалы ауыз су тапшылығы мәселесі бірқатар өңірлерде аса өзекті болып отыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы шығарылып, биылғы жылдың міндеттері белгіленген кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Мемлекеттік мониторинг нәтижесінде 88 су нысанының 13-ін ғана «таза» санатына жатқызамыз. Бұл зерттелген су нысандарының бар болғаны 16 %-н ғана құрайды. Өзге 84%-ы «лас» және «өте лас» санатында. Су көздерінің ластануының себебі табиғи және антропогендік факторлар», - деді Н. Қаппаров. Мұнымен қатар тазарту құралдарының тиімсіз жұмысымен байланысты экологиялық мәселер де шешуін талап етіп отыр. Айымгүл ӘБІЛЕВА

Замените этот текст на текст вашего материалаБүгінгі күні сапалы ауыз су тапшылығы мәселесі бірқатар өңірлерде аса өзекті болып отыр. Бұл жөнінде бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы шығарылып, биылғы жылдың міндеттері белгіленген кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мемлекеттік мониторинг нәтижесінде 88 су нысанының 13-ін ғана «таза» санатына жатқызамыз. Бұл зерттелген су нысандарының бар болғаны 16 %-н ғана құрайды. Өзге 84%-ы «лас» және «өте лас» санатында. Су көздерінің ластануының себебі табиғи және антропогендік факторлар», - деді Н. Қаппаров.

Мұнымен қатар тазарту құралдарының тиімсіз жұмысымен байланысты экологиялық мәселер де шешуін талап етіп отыр.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Бөлісу: