29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАҚШ-та күн райы бұзылды. Елдің орталығы мен оңтүстік-шығысында дүлей дауыл көтеріліп, 2 адам опат болды.
Торнадо, әсіресе, Миссисипи, Индиана,Теннеси және Джорджия штаттарына күшті соққы берді. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, Нэшвилл қаласында екпінді жел салдарынан адамдардың үстіне ағаш құлап, шаһарда төтенше жағдай жарияланды. Алапат дауылдан тұрғын үйлер мен кеңселердің астан-кестені шықты. Индиана штатында электр сымдар үзіліп, 12 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалған. Ал, Джорджия штатында адамдар торнадоның дүлей күшін әуесқой бейнетаспаға түсіріп үлгеріпті. Жолдарды көктайғақ басып, көлік қозғалысы едәуір қиындаған. Қазір зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр. Ауа райын болжаушылар дүлей дауыл елдің оңтүстігіндегі Огайо штаты мен Мексика шығанағына қарай бет алғанын ескертті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек