Бұдан біраз бұрын қызу талқыға түскен «Блогқұрылтай – 2013» биылғы жылдың 23-24 наурыз аралығында шырайлы Шымқаламызда өтетін болып шешілді.
Блогқұрылтай туралы қысқаша таныстырар болсақ, ол – қазақтілді интернеттің қолдану аясын кеңейтіп, жастарды жаңа технологиямен еркін жұмыс істеуге үйретіп, қазақ контентінің деңгейін көтеру арқылы ғаламтор кеңістігінде жүрген мамандардың қызықты әрі пайдалы жобаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын жиын. Бұған дейін мұндай шаралар 2011 жылы Алматы қаласындағы КИМЭП университетінде, былтыр наурыз айында Астана қаласындағы Назарбаев университетінде өткен еді.
Әрқашан қонақжайлылығымен ерекшеленген өңіріміздің жоба үйлестірушілері өз дайындықтарын ерте бастан бастап кетті. Дәстүрлі құрылтайдың басқалардан өзгешелігі – әлемнің бірнеше елінде қазақ интернет ресурстарының дамуына үлес қосып жүрген шетелдегі қандастарымыз бен көршілес елдердің мамандары мен блогерлері келеді деп күтілуде. Сонымен қатар еліміздің барлық аймағынан келетін қатысушылардың да көңілінен шықсақ деген үмітте.
Ал ОҚО әкімінің баспасөз саласының қызметкері Амангелді Құрметұлы биылғы блогқұрылтайдың сәтті өтуіне облыс басшыларының да қолдау көрсететінін жеткізді. Бұл ретте Блогқұрылтайға қазнеттің белсенді қолданушылары: блогшылар, интернет журналистер, IT мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, келелі мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Автор: Нұршат ТӨКЕН, Оңтүстік Қазақстан облысы
Алаш айнасы