Әлі күнге дейін жоғары оқу орындарының күндізгі бөліміне қарағанда, сырттай бөлімде оқитындар көп.
Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Елбасы мамандар сапасына жоғары талаптар қойып отыр. Бұл туралы бірнеше рет айтылған болатын. Министрлік қажетті нормативтік құжаттарды қабылдады. Бірақ, олардың орындалуы өте баяу. Сондықтан бұл мәселеде қатаң шаралар қабылдайтын боламыз. Ең алдымен, жоғары білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл үшін оқытудың мазмұны мен методологиясын жетілдіруді жалғастырып, даярлау сапасы төмен жоғары оқу орындарынан құтыламыз. Ең маңыздысы - мамандарды экономика, оның ішінде аймақ қажеттілігіне сәйкес даярлауға қол жеткізу»,-деді Б. Жұмағұлов.
BAQ.kz