«Көп тілді оқыту бүгінгі күннің талабы. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Бүгінде оқушылардың алпыс пайыздан астамы қазақ тілінде білім алады», - деді министр.
Ол биылғы жылы бірінші қыркүйектен бастап 1 сынып оқушылары ағылшын тілін оқи бастайтынын айтты.
«Келесі оқу жылынан бастап бірінші сыныптан ағылшын тілін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта мұғалімдерді қосымша даярлау көзделген. Мұнымен қатар келешекте кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту басталады», - деп атап өтті Жұмағұлов.