30 Қаңтар 2013, 12:56
А.Бекбосын 1937 жылы 17 маусымда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Қарасу ауылында туған.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Әр жылдары Алматы жоғары партия мектебінде, КПСС Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында, АҚШ-тың Колорадо университетінде білімін жетілдірген. Жамбыл облыстық радиосының тiлшici, Қазақ радиосыньң Оңтүстік Қаазақстан және Қызылорда облыстарындағы мeншiкті тiлшіci, Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде бөлім мeңгepyшici, Жамбыл аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы, Жамбыл облыстық партия комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде нұсқаушысы қызметтерін абыроймен атқарған.
1985-1994 жылдар аралығында Жамбыл облыстық «Ақ жол» (1990 жылға дейін), «Еңбек туы» газетінің редакторы болып қызмет етті.
1994 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің, 1995 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Халықаралық істер, Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитетінде мүше бола жүріп, бірталай аса маңызды заң жобалары бойынша жұмыс тобын басқарды. Депутаттық қызметімен қоса ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Тәртіптік Кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі міндеттерін атқарды. 1999–2003 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. 2003 жылдан бастап зейнеткер. Тараз Мемлекеттік М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің профессоры.
А.Бекбосын «Омар hаям рубаяттарын» қазақ тіліне тәржімалаған ақын-аудармашы.
«Ауылым – әнім менің» (1975 жыл, «Қайнар» баспасы), «Жеті қарақшысы жоқ аспан» (1991 жыл, «Қазақстан» баспасы), «Кемеңгермен кеңесу» (1994 жыл, «Мерей» баспасы), «Хауа ананың аманаты» (1995 жыл, «Қайнар» баспасы), «Қылкөпір» (1999 жыл, «Өнер» баспасы), «Мың түрлі ой» атты төрттағандар жинағы (2001 жыл, «Елорда» баспасы), Таңдамалы шығармалары (Тараз, «Сенім» баспасы, 2007 жыл), «Әмір Темірдің ақырғы жорығы» (Алматы, 1992 жыл), «Жер бақыты» (Алматы, «Қайнар» баспасы, 1975 жыл) кітаптары жарық көрген.
А.Бекбосынның «Нюрнбергтен бұрын» атты тарихи-қаhармандық драмасы «Соңғы ceзім» деген атпен Қазақтың М.О.Әуезов атындағы академиялык драма театрында (1995-1999 жылдары), Жамбыл облыстық драма театрында қойылды. «Өткелдегі шайқас» атты пьесасы да сахналанды.
А.Бекбосын «Қазақстан Республикасының еңбек ciңipгeн мәдениет қызметкері» (1991 жыл), «Парасат» орденінің иeгepi (1998 жыл), Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының (1986 жыл) және ТМД елдері Журналистер одақтары конфедерациясы сыйлығының лауреаты.