Италияда карнавал жалғасуда

29 Қаңтар 2013, 09:03

Венецияда карнавал өтіп жатыр. Жүздеген адам суда жүзген қайықтардың қойылымдарын тамашалауда. Шараға қатысушылар түрлі-түсті бетперде тағып, көздің жауын алатын костюмдер киген. Дәстүрлі жоба биыл италияндық атақты суретші-қоюшы режиссер Давид Рампеллоның басқаруымен ұйымдастырылған. Әдетте карнавал от пен судың әдемілігін көрсету мақсатында өткізіледі. Тұрғындар ХI ғасырға тән киімдер киіп, сол кездегі сәнге айналған бетперделер тағып шығады екен. Мерекелік фестиваль ақпанның 12-сіне дейін жалғасады.                                                                                                       24 KZ  

Венецияда карнавал өтіп жатыр. Жүздеген адам суда жүзген қайықтардың қойылымдарын тамашалауда. Шараға қатысушылар түрлі-түсті бетперде тағып, көздің жауын алатын костюмдер киген. Дәстүрлі жоба биыл италияндық атақты суретші-қоюшы режиссер Давид Рампеллоның басқаруымен ұйымдастырылған. Әдетте карнавал от пен судың әдемілігін көрсету мақсатында өткізіледі. Тұрғындар ХI ғасырға тән киімдер киіп, сол кездегі сәнге айналған бетперделер тағып шығады екен. Мерекелік фестиваль ақпанның 12-сіне дейін жалғасады.                                                                                                      

 

Бөлісу: