29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Бұдан былай 2012 жылғы Олимпиада чемпионы – ҚБФ спорт директоры. Оның міндетіне еліміздегі бокстың дамуын жалпы бақылау кіреді. Қазіргі кезде Серік әкімшілік қызметте тәжірибе жинақтауда. Ал өз саласын оның басқалардан артық білмесе, кем білмесіне еш күмән жоқ.
«Мен боксты өте жақсы білемін, - дейді Серік Сәпиев. - Менің көптен бері осы салада жүргенім баршаға аян. Қазіргі кезде мен басқару тәжірибесін жинақтаудамын. Жаңа лауазымда Қазақстан бокс Федерациясына пайда келтірсем деген ойым бар. Бұл бағытта бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын».
Сондай-ақ, атақты қазақстандық спортшы ҚБФ президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа Қазақстан боксының дамуы жолында өзін жан-жақты танытуға мүмкіндік бергеніне алғысын білдірді. Әрі осы үлкен сенімді ақтайтындығына сендірді.
Серіктің жаңа қызметі Астанада. Сондықтан алдағы уақытта олимпиада чемпионы елордаға ауысуы мүмкін. Қазір оның отбасы Қарағанды қаласында тұрып жатыр.
www.astana.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек