Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?
Өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылды қорытындылауға және «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін іске асыру мәселесіне арналған кеңес өткізді.
Кеңес барысында Үкіметтің 2012 жылғы қызметі туралы Премьер-Министр С.Ахметов баяндама жасады. Премьер-Министр «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі Үкімет жұмысының басты мақсаты болатынын атап өтті. Сондай-ақ әлеуметтік саладағы бағдарламалардың және көлік саласындағы инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы туралы Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев пен Көлік және коммуникациялар министрі А.Жұмағалиев хабарлама жасады.
Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық экономиканың қазіргі жағдайы құлдыраудың жаңа кезеңі болу ықтималдығы жоғары екенін жоққа шығармайтынын атап өтті.
Қазақстан Президенті Үкімет пен кез келген мемлекеттік орган «бюджет мәдениеті» мен қаржы үнемдеуді ескере отырып, алға қойылған міндеттерді іске асыруға ынталылықпен және жауапкершілікпен қарауға тиіс екендігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев жұмысқа жауапсыз қараудың нақты мысалдарын келтірді. Нұрсұлтан Назарбаев қаржыны табыспен игеріп жатқан аймақтарға қайта бөлу қажеттігін де атап өтті.
Қазақстан Президенті жаһандық баяулаудың ықтимал әсеріне дайын болу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы өзі жариялаған Жаңа саяси бағыт аясында бәрі де жаңаша, жоғары нәтижелілікпен, бастамамен және қайтарыммен жұмыс істеу қажеттігіне тоқталды.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд