Әлемді жаулаған әйгілі қолбасшы Шыңғыс хан моңғол болмаған, шын мәнінде, Шыңғыс хан - түркітілдес тайпалардан тарайтын қазақ. Алтын Орда тарихын ұзақ уақыт зерттеген белгілі ғалым, «Страна Моксель», «Москва Ордынская» атты тарихи кітаптардың авторы Владимир Белинский осындай тұжырым жасады.
«Жақын арада Шыңғыс ханның қазақтан шыққаны ресми түрде мойындалады. Өзіндік көзқарасы болғанмен, Қазақстан Ресей мен Қытайға әлі жалтақтағаны болмаса, тарихта жазылған мифтерге сенгісі жоқ» деп мәлімдеді тарихшы Владимир Белинский.
Қайыржан ТӨРЕЖАН
Айқын