7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Қазақстан халқы мен Президентіне Премьер-Министр С.Ахметов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Қожамжаров, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Әбдірахымов, Президенттің Іс басқарушысы А.Бисембаев, Үкімет мүшелері мен облыстар әкімдері салтанатты түрде ант берді.
Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде олар ант берумен қатар, өздеріне ерекше жауапкершілік алып отырғанын атап өтті.
- Саяси қызметшінің өмірі тек өзіне ғана тиесілі емес. Оның уақыты, күш-жігері, мақсаты, осының бәрі тек еліміздің игілігі үшін жұмсалуға тиіс. Сіздер Президентке ант бердіңіздер. Бұл мемлекетке, оның мұраттары мен заңдарына берілгендікті білдіреді. Сіздер Қазақстан халқына ант бердіңіздер. Бұл ұлт мүддесіне берілгендікті, әрбір отандасымызға деген қамқорлықты танытады. Сіздердің әрқайсыңыздың күрделі, бөлек жұмыс салаларыңыз бар. Бірақ біздің мақсатымыз ортақ. Мемлекет пен халықтың мүддесі біртұтас. Атап айтқанда, қызметке шексіз берілу олардың мызғымас байланысын қамтамасыз етеді. Біздің алдымызда маңызды міндеттер тұр. Біз еліміздің әл-ауқатын және беделін арттырып, халықтың тұрмысын дәйекті түрде жақсарту үшін міндеттерді орындау барысында тығыз топтасуымыз керек. Еңбектеріңізге табыс тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
BNews.kz
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?