8 қалалық емхана мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында жастардың 10 денсаулық орталығы жұмыс істеуде, - деп хабарлайды astana.kz сайтына Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасынан.
Барлық мамандандырылған мекеме мен жастар орталықтарында дәрігерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер пайдалы кеңес беретін сенім телефоны жұмыс істейді. Олар медициналық, психологиялық, профилактикалық, әлеуметтік көмектер мен халыққа ақпараттық қолдау көрсетеді.
Басқармада атап көрсеткендей, бір медициналық мекемедегі сенім телефонына айына орта есеппен 15-20 телефон шалынады. Олардың көпшілігі ақпараттық көмек мәселелеріне байланысты болады.
Бұған дейін аstana.kz сайтында хабарланғанындай, елордада соңғы ашылған Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы жастардың «Дауа» денсаулық орталығы болды.
«Дауа» орталығы 10 мың студентті қабылдай алады. Мұнда жас жігіттер мен қыздарға қажет болған жағдайда гинеклог, венеролог, психолог дәрігерлер тегін анонимдік көмектер көрсетеді.
astana.kz