Шымбұлақта жаңа спорттық парк ашылды

Шымбұлақта жаңа спорттық парк ашылды

Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғысы курортында жаңа кәсіби арқан паркі ашылды. Жаңа нысан теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқан.

Онда күрделілігі тұрғысынан 3 бөлімді, арқаннан керілген және ағаш кедергілерден тұратын спорттық құрылғылар бар. Бірінші деңгей бойынша жер бетінен 1 метр биіктікте арқанмен балалар өрмелей алады. Жер бетінен 3 метр биіктікте орналасқан келесі деңгей ересектерге арналған. Ал, 6 метр биіктікте орналасқан құрылғыда альпинизм спортымен айналысатын спортшылар өрмелейді. Жоба жетекшісі Мақсұт Жұмабаев спорттық құрылғыларды Швейцария елінен арнайы алдырған.

Авторлар: Аслан Қаженов, Бахтияр Ырзаев, Құралай Тәшкенбаева, 24 KZ