2012 жылы елордалық оқушылар зияткерлік сайыстарда 85 медаль иеленді

24 Қаңтар 2013, 05:44

Халықаралық  ынтымақтастықты дамыту және  халықаралық дәрежеде  Қазақстан Республикасы имиджін  қалыптастыру мақсатында Астана қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары  2012 жылы Үндістан, Бразилия, Ресей, Қытай, Румыния, Кипр, Грузия, Түркия  елдерінде  өткен 15 халықараралық рейнгтік олимпиада мен ғылыми байқауларға  қатысты, - деп хабарлайды  astana.kz  сайтына қалалық Білім басқармасынан. Қорытындысында Астана қаласының мектеп оқушылары  85 медальге ие болды. Олардың: 14-і – алтын, 35-і – күміс және  36-сы – қола. 2012 жылы қазан айында Бразилияның Новогамбург қаласында жалпы білім беретін пәндерден өткен XXVII «Mostratec» халықаралық ғылыми жобалар жәрмеңкесінде  Қазақстан командасының намысын қорғаған  25 оқушымыз 5 алтын, 7 күміс медаль  олжалады.  Ғылыми жоба жәрмеңкесіне  50 мемлекеттен 1500 оқушы қатысты. Басқарманың мәліметіне сәйкес, №60 мектеп-лицейінің оқушысы Ақжан Жолдымұратова  және дарынды ер балаларға арналған қазақ – түрік лицей- интернатының оқушылары –Абай  Қожабергенов, Данель Арапов, Нұрлан Әлішер,  Айдар Жетеновтың  ғылыми жұмыстары ең үздік жоба ретінде танылып, 2013 жылы Аргентина қаласында өтетін халықаралық ғылыми жобалар конкурсына  қатысуға  жолдама  алды. Астана қаласының оқушылар командасы республикалық ғылыми жобалар конкурсы мен республикалық олимпиадада жалпы командалық І  орынға және «Жылдың үздік командасы» атағына ие болды, – делінген  мәлімдемеде. Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Халықаралық  ынтымақтастықты дамыту және  халықаралық дәрежеде  Қазақстан Республикасы имиджін  қалыптастыру мақсатында Астана қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары  2012 жылы Үндістан, Бразилия, Ресей, Қытай, Румыния, Кипр, Грузия, Түркия  елдерінде  өткен 15 халықараралық рейнгтік олимпиада мен ғылыми байқауларға  қатысты, - деп хабарлайды  astana.kz  сайтына қалалық Білім басқармасынан.

Қорытындысында Астана қаласының мектеп оқушылары  85 медальге ие болды. Олардың: 14-і – алтын, 35-і – күміс және  36-сы – қола.

2012 жылы қазан айында Бразилияның Новогамбург қаласында жалпы білім беретін пәндерден өткен XXVII «Mostratec» халықаралық ғылыми жобалар жәрмеңкесінде  Қазақстан командасының намысын қорғаған  25 оқушымыз 5 алтын, 7 күміс медаль  олжалады.  Ғылыми жоба жәрмеңкесіне  50 мемлекеттен 1500 оқушы қатысты.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, №60 мектеп-лицейінің оқушысы Ақжан Жолдымұратова  және дарынды ер балаларға арналған қазақ – түрік лицей- интернатының оқушылары –Абай  Қожабергенов, Данель Арапов, Нұрлан Әлішер,  Айдар Жетеновтың  ғылыми жұмыстары ең үздік жоба ретінде танылып, 2013 жылы Аргентина қаласында өтетін халықаралық ғылыми жобалар конкурсына  қатысуға  жолдама  алды.

Астана қаласының оқушылар командасы республикалық ғылыми жобалар конкурсы мен республикалық олимпиадада жалпы командалық І  орынға және «Жылдың үздік командасы» атағына ие болды, – делінген  мәлімдемеде.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу: