"Тараз-Дебют" облыстық театр байқауы

23 Қаңтар 2013, 12:46

Жамбыл облыстық қазақ драма театры облыстық көлемде фестивальдің жаңаша үлгісін ойлап тауып, қыркүйек айында республикадағы театр өнерін дамыту жолындағы талантты жас режиссерлерді табу және оларға қолдау көрсету, бүгінгі уақыт талабына сай елдік рухты оятатын эксперименттік үздік идеялы шығармалардың театр сахнасынан орын алуына ықпал ету, режиссерлік жоғары оқу орындарын бітірушілердің үздік дипломдық және дарынды жас режиссерлердің дебюттік жұмыстарын аламан бәйгеге қатыстырып, шыңдау мектебінен өткізу мақсатында Республикалық жас режиссерлердің «Тараз - Дебют» эксперименттік театр байқауын өткізуді алға қойған болатын. Қараша айында «Жас режиссерлерге арналған Республикалық Дебют» байқауы өткізілді. Байқауға қатысу үшін көптеген жас таланттар ұсыныс білдірді. Ешқандай шектеу қойылған жоқ. Қатысушылардың басым көпшілігі 1-2 жыл көлемінде арнайы оқу орнын бітірген жас режиссерлер болып табылады. Айта кетерлік тағы бір ерекшелік байқауға қатысушы режиссерлер Тараз театрының әртістерімен өздері байқауға ұсынған пьесаларын сахналау керек болатын. Осы ереже бойынша 7 режиссер өздері ұсынған туындыларын 7 ай ішінде сахналап үлгерді. Оның төртеуі қазақ театрында сахналанса, үшеуі орыс театрының әртістері көмегімен сахналанды. Біреуі белгілі себептермен байқауға қатыса алмады. Фестивальда негізінен 9 режиссер тоғыз түрлі қойылыммен өз шеберліктерін танытты. Бас жүлдені Жан Коктоның «Адам дауысы» қойылымын сахналағаны үшін Елік Нұрсұлтан; бірінші жүлдені Самюэль Беккеттің «В ожидании Годо» қойылымын сахналағаны үшін Дина Жұмабаева; екінші жүлдені Дарио Фоның «Байы бар, басы бос» қойылымын сахналағаны үшін Рүстем Жаныаманов; үшінші жүлдені Надежда Птушкинаның «При чужих свечах» қойылымын сахналағаны үшін 5 курстың студенті Жанель Сергазина жеңіп алды. Байқауға белсенді түрде қатысқаны  үшін Қазақстан Республикасының Халық әртісі Асқар Тоқпанов атындағы арнайы жүлдемен «Ричард ІІІ» қойылымын сахналаған Әлия Баймаханова; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақып Омаров атындағы арнайы жүлдемен, ҚР еңбек сіңірген артисі Тілек Ерғалиев атындағы арнайы жүлдемен, режиссер Аманжол Сәлімбаев атындағы арнайы жүлдемен «Қасірет» қойылымын сахналаған Ержан Қауланов; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қадыр Жетпісбаевтың «Құм құрсауындағы әйел» әфсанасын сахналаған 5 курс студенті Балтабек Нұрғалиев марапатталды. Қазылар алқасының мүшесі құрамына белгілі өнер қайраткерлері, театр сыншылары, суретшілер мен режиссерлер шақырылды. Атап айтқанда, Қазылар алқасының Төрағасы Қазақстан Республикасының Халық әртісі, ҚР театр одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов болса, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Юрий Иванович Ханинго-Бекназар, Қырғызстан Республикасының режиссері Камат Касенов,  театр суретшісі, философия ғылымдарының  докторы Қабыл Қалиұлы Халықов, театр сыншысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» сыйлығының иегері Әлия Бөпежанова қазылық жасады. Әр қойылым соңында тек режиссерлер ғана сынға түсті және тек режиссерлер ғана марапатталды. Келесі  2013 жылы байқау тағы да өз жалғастығын таппақ. Осы байқау басқа да облыстық театрларда, Алматы және Астана қалаларында, яғни аймақтық және респубикалық деңгейде өтіп, барлық театрлар атсалысып жатса, жас жаңа режиссерлердің таланттарын ұштауға үлкен жол ашылар еді.

Жамбыл облыстық қазақ драма театры облыстық көлемде фестивальдің жаңаша үлгісін ойлап тауып, қыркүйек айында республикадағы театр өнерін дамыту жолындағы талантты жас режиссерлерді табу және оларға қолдау көрсету, бүгінгі уақыт талабына сай елдік рухты оятатын эксперименттік үздік идеялы шығармалардың театр сахнасынан орын алуына ықпал ету, режиссерлік жоғары оқу орындарын бітірушілердің үздік дипломдық және дарынды жас режиссерлердің дебюттік жұмыстарын аламан бәйгеге қатыстырып, шыңдау мектебінен өткізу мақсатында Республикалық жас режиссерлердің «Тараз - Дебют» эксперименттік театр байқауын өткізуді алға қойған болатын.

Қараша айында «Жас режиссерлерге арналған Республикалық Дебют» байқауы өткізілді. Байқауға қатысу үшін көптеген жас таланттар ұсыныс білдірді. Ешқандай шектеу қойылған жоқ. Қатысушылардың басым көпшілігі 1-2 жыл көлемінде арнайы оқу орнын бітірген жас режиссерлер болып табылады. Айта кетерлік тағы бір ерекшелік байқауға қатысушы режиссерлер Тараз театрының әртістерімен өздері байқауға ұсынған пьесаларын сахналау керек болатын. Осы ереже бойынша 7 режиссер өздері ұсынған туындыларын 7 ай ішінде сахналап үлгерді. Оның төртеуі қазақ театрында сахналанса, үшеуі орыс театрының әртістері көмегімен сахналанды. Біреуі белгілі себептермен байқауға қатыса алмады. Фестивальда негізінен 9 режиссер тоғыз түрлі қойылыммен өз шеберліктерін танытты. Бас жүлдені Жан Коктоның «Адам дауысы» қойылымын сахналағаны үшін Елік Нұрсұлтан; бірінші жүлдені Самюэль Беккеттің «В ожидании Годо» қойылымын сахналағаны үшін Дина Жұмабаева; екінші жүлдені Дарио Фоның «Байы бар, басы бос» қойылымын сахналағаны үшін Рүстем Жаныаманов; үшінші жүлдені Надежда Птушкинаның «При чужих свечах» қойылымын сахналағаны үшін 5 курстың студенті Жанель Сергазина жеңіп алды. Байқауға белсенді түрде қатысқаны  үшін Қазақстан Республикасының Халық әртісі Асқар Тоқпанов атындағы арнайы жүлдемен «Ричард ІІІ» қойылымын сахналаған Әлия Баймаханова; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақып Омаров атындағы арнайы жүлдемен, ҚР еңбек сіңірген артисі Тілек Ерғалиев атындағы арнайы жүлдемен, режиссер Аманжол Сәлімбаев атындағы арнайы жүлдемен «Қасірет» қойылымын сахналаған Ержан Қауланов; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қадыр Жетпісбаевтың «Құм құрсауындағы әйел» әфсанасын сахналаған 5 курс студенті Балтабек Нұрғалиев марапатталды.

Қазылар алқасының мүшесі құрамына белгілі өнер қайраткерлері, театр сыншылары, суретшілер мен режиссерлер шақырылды. Атап айтқанда, Қазылар алқасының Төрағасы Қазақстан Республикасының Халық әртісі, ҚР театр одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов болса, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Юрий Иванович Ханинго-Бекназар, Қырғызстан Республикасының режиссері Камат Касенов,  театр суретшісі, философия ғылымдарының  докторы Қабыл Қалиұлы Халықов, театр сыншысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» сыйлығының иегері Әлия Бөпежанова қазылық жасады. Әр қойылым соңында тек режиссерлер ғана сынға түсті және тек режиссерлер ғана марапатталды.

Келесі  2013 жылы байқау тағы да өз жалғастығын таппақ. Осы байқау басқа да облыстық театрларда, Алматы және Астана қалаларында, яғни аймақтық және респубикалық деңгейде өтіп, барлық театрлар атсалысып жатса, жас жаңа режиссерлердің таланттарын ұштауға үлкен жол ашылар еді.

Бөлісу: