Театрдың 2011 жылдың І жартыжылдығындағы жетістіктері

23 Қаңтар 2013, 12:41

2011 жылы 10 жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Мәселен, жас режиссер  Анар Сағымбекова балаларға арналған К.Сәттібайұлының «Бағдаршам», О.Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» ертегісін, Алматы қаласынан арнайы шақырылған қос режиссердің бірі Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрының әртісі, режиссер Сағызбай Қарабалин Талғат Теменов пен Софы Сматаевтың «Көгілдір такси», Иран-Ғайыптың «Аждаһаның әлегі» ертегісін, ал, режиссер Иісбек Әбілмажинов Роберт Томаның «Әйел сегіз – ол жалғыз» детектив драмасын, Қуандық Қасымов Мұхтар Шахановтың «Танакөз»  поэтикалық драмасын сахналады. Сондай-ақ, лирикалық жанрдағы /поэзия/ М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламатын», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемін» ҚР Еңек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова қойса, жергілікті ақын Үміт Битенова жырларынан ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанова «Ауады да тұрады аңсарым елге менің» атты жыр кешін қойды. Театрда 20 жыл әдебиет бөлімін басқарған Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Айша Көпжасарованың 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Тал бесігім» атты ән-жыр кешін ақын досы Шырын Мамасерікова жүргізіп, әнші әрі ұлы Айбек /Бүркіт/ әннен шашу шашты. 27 наурыз Халықаралық театр күніне орай Шымкент қаласында өткен «Театр көктемі-2011» республикалық аймақтық театр фестиваліне Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» атты трагедиялық драмасымен /режиссер Қ.Қасымов/ қатысып, қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Алматы қаласында Қазақстан Театр қайоаткерлері одағының ұйымдастыруымен өткен жеті номинация бойынша берілетін «Еңлікгүл» театр өнерінің кәсіби сыйлығын «Жыл режиссері» номинациясы бойынша режиссер  Қ.Қасымов алса, «Жыл актрисасы» атағын Г.Қыпшақова иеленді. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының Жамбыл облыстық филиалының директоры, әртіс Ж.Әлімбеков Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, мәдениетке қосқан үлесі үшін театрдың бірқатар әртістері  облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың құрмет грамоталарымен марапатталды. Өз шеберлігін шыңдау мақсатында театрымыздың жас әртістері Анар Сағымбекова мен Мәмбет Қожалиевтер 22-24 сәуірде  Қырғызстан Республикасына жаңа жобамен жасалған халықаралық «Аралаш» экспериментальдық фьюжн фестиваліне қатысып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Үнді халықтарының  өнерін тамашалап қайтты. Театрдың бас суретшісі Рахат Сапаралиева – облыстағы бейнелеу өнері саласындағы санаулы суретшілердің бірі. Қазақ драма театрында 1999 жылдан бастап қоюшы-суретші, 2003 жылдан бері бас суретші болып еңбек етеді. Бүгінде театрдың бас суретшісі театр сахнасында қырыққа жуық спектакль мен ертегілердің сахналық шешімдерін жасады. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 11-12 мамыр күндері Алматы қаласы мен Қарағанды қаласында өткен театр суретшілерінің «Қазіргі Қазақстан сценографиясындағы жаңашылдық пен дәстүр жалғастығы» атты І Республикалық көрмесіне қатысып өз шеберлігін танытып қайтты. 13-17 маусым аралығында алғаш рет Тараз қаласында «ART-Mix» атты өнер семинары өтті. Бұл Жамбыл облысындағы мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі кең көлемді аймақтық бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Лектор ретінде семинарға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссеры, драматург Болат Атабаев, Ю.И.Ханинга-Бекназар, театр сыншысы Жанна Жантурина, қазіргі заманғы суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алмагүл Меңлібаева, режиссер, хореограф, балет әртісі Гүлмира Ғаббасовалар қатысты. Театр ұжымы 20-25 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек, Тоқмоқ қаласында өткен «Дүние. Сахна. Театр» атты Халық суретшісі Марат Шарафидиновтың 60 жылдығына арналған Халықаралық театр фестиваліне 45 минуттық эксперименттік «Қіз Жібек» драма-дастанымен қатысты. Режиссер Қ.Қасымовтың алты жылдан бері М.Шарафидиновпен шығармашылық байланыста болғандығының нәтижесі тараздықтар үшін үлкен жемісті кезең болды. Ең алғаш У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» шығармасын сахналаса, 2009 жылы «Қыз Жібек» драмалық дастанының сахналық сценографиялық жаңаша үлгідегі нұсқасын жасап шығарды. Осы фестивальде режиссер Қ.Қасымов халықаралық Т.Рысқұлов атындағы сыйлығымен марапатталса, әртіс Ж.Әлімбеков пен грим-суретшісі Қ.Сыдықназарова «АРДАҚ» сыйлығына ие болды.

2011 жылы 10 жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Мәселен, жас режиссер  Анар Сағымбекова балаларға арналған К.Сәттібайұлының «Бағдаршам», О.Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» ертегісін, Алматы қаласынан арнайы шақырылған қос режиссердің бірі Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен балалар театрының әртісі, режиссер Сағызбай Қарабалин Талғат Теменов пен Софы Сматаевтың «Көгілдір такси», Иран-Ғайыптың «Аждаһаның әлегі» ертегісін, ал, режиссер Иісбек Әбілмажинов Роберт Томаның «Әйел сегіз – ол жалғыз» детектив драмасын, Қуандық Қасымов Мұхтар Шахановтың «Танакөз»  поэтикалық драмасын сахналады. Сондай-ақ, лирикалық жанрдағы /поэзия/ М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламатын», Иран-Ғайыптың «Жыр әлемін» ҚР Еңек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова қойса, жергілікті ақын Үміт Битенова жырларынан ҚР Халық әртісі Мәкен Рахымжанова «Ауады да тұрады аңсарым елге менің» атты жыр кешін қойды.

Театрда 20 жыл әдебиет бөлімін басқарған Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Айша Көпжасарованың 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Тал бесігім» атты ән-жыр кешін ақын досы Шырын Мамасерікова жүргізіп, әнші әрі ұлы Айбек /Бүркіт/ әннен шашу шашты.

27 наурыз Халықаралық театр күніне орай Шымкент қаласында өткен «Театр көктемі-2011» республикалық аймақтық театр фестиваліне Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» атты трагедиялық драмасымен /режиссер Қ.Қасымов/ қатысып, қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.
Алматы қаласында Қазақстан Театр қайоаткерлері одағының ұйымдастыруымен өткен жеті номинация бойынша берілетін «Еңлікгүл» театр өнерінің кәсіби сыйлығын «Жыл режиссері» номинациясы бойынша режиссер  Қ.Қасымов алса, «Жыл актрисасы» атағын Г.Қыпшақова иеленді. Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының Жамбыл облыстық филиалының директоры, әртіс Ж.Әлімбеков Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, мәдениетке қосқан үлесі үшін театрдың бірқатар әртістері  облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың құрмет грамоталарымен марапатталды.

Өз шеберлігін шыңдау мақсатында театрымыздың жас әртістері Анар Сағымбекова мен Мәмбет Қожалиевтер 22-24 сәуірде  Қырғызстан Республикасына жаңа жобамен жасалған халықаралық «Аралаш» экспериментальдық фьюжн фестиваліне қатысып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Үнді халықтарының  өнерін тамашалап қайтты.

Театрдың бас суретшісі Рахат Сапаралиева – облыстағы бейнелеу өнері саласындағы санаулы суретшілердің бірі. Қазақ драма театрында 1999 жылдан бастап қоюшы-суретші, 2003 жылдан бері бас суретші болып еңбек етеді. Бүгінде театрдың бас суретшісі театр сахнасында қырыққа жуық спектакль мен ертегілердің сахналық шешімдерін жасады. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 11-12 мамыр күндері Алматы қаласы мен Қарағанды қаласында өткен театр суретшілерінің «Қазіргі Қазақстан сценографиясындағы жаңашылдық пен дәстүр жалғастығы» атты І Республикалық көрмесіне қатысып өз шеберлігін танытып қайтты.

13-17 маусым аралығында алғаш рет Тараз қаласында «ART-Mix» атты өнер семинары өтті. Бұл Жамбыл облысындағы мәдениет пен өнерді қолдау жөніндегі кең көлемді аймақтық бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Лектор ретінде семинарға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссеры, драматург Болат Атабаев, Ю.И.Ханинга-Бекназар, театр сыншысы Жанна Жантурина, қазіргі заманғы суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алмагүл Меңлібаева, режиссер, хореограф, балет әртісі Гүлмира Ғаббасовалар қатысты.

Театр ұжымы 20-25 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Бішкек, Тоқмоқ қаласында өткен «Дүние. Сахна. Театр» атты Халық суретшісі Марат Шарафидиновтың 60 жылдығына арналған Халықаралық театр фестиваліне 45 минуттық эксперименттік «Қіз Жібек» драма-дастанымен қатысты. Режиссер Қ.Қасымовтың алты жылдан бері М.Шарафидиновпен шығармашылық байланыста болғандығының нәтижесі тараздықтар үшін үлкен жемісті кезең болды. Ең алғаш У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» шығармасын сахналаса, 2009 жылы «Қыз Жібек» драмалық дастанының сахналық сценографиялық жаңаша үлгідегі нұсқасын жасап шығарды. Осы фестивальде режиссер Қ.Қасымов халықаралық Т.Рысқұлов атындағы сыйлығымен марапатталса, әртіс Ж.Әлімбеков пен грим-суретшісі Қ.Сыдықназарова «АРДАҚ» сыйлығына ие болды.

Бөлісу: