7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
О, тоба, бұл хабарға қуанайық па, жылайық па? Ештен кеш жақсы, расы сол, әдетте көпшілік көңіл көтеру орындарында орыстың, Батыстың даңғаза музыкасы ойнап тұрады. Енді Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының мұрындық болуының арқасында қазақтың ұлттық әндерін, өңіріміз туралы жазылған шығармаларды насихаттауға бағытталған шараның аясында орысы көп Өскеменде қазақ әндері мен саздары жазылған 50-ден астам жинақ қоғамдық орындардың, мейрамханалар мен дәмханалардың қожайындарына тапсырылды. Бұдан былай демалушылар қазақ әндеріне де сусындай алатын болды.
-Біз енді өз репертуарымызға қазақ әндерін қоса аламыз, қазір осындай ән-күйлерге сұраныс көп,- дейді дәмханалардың бірінің әкімшілік жетекшісі Алиса Бейсекенова. -Әрине, біздің өзімізде де біраз музыка бар, болғанмен де бұл жинақ біз үшін үлкен сыйлық.
Алдағы уақытта ұйымдастырушылар орыс, татар және басқа да ұлттардың әндерінің онкүндіктерін өткізуді жоспарлап отыр. Акцияны өткізуде белсенділік танытқан ұйымдар ерекше марапатталатын болады.
BAQ.kz
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?