Кеше Астанада өткен қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясында бүгінгі қазақ интернет журналистикасының мәселелері жан-жақты талқыланды. ABAI.KZ ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат қазақ интернет журналиститерінің кәсіби бәсекесінің төмендігі қазақ сайттарының дамуына оралғы болып отырған факторлардың бірі екенін атап өтті. Осы жағындағы ойын толық білу үшін интернет журналисін сөзге тарттық.
«Қазақ сайттарының арасында ынтымақтасқ болғаны жөн. Бір-бірімізді көре алмай, қызғанып, бірімізде барды біріміз місе тұтпайтын болсақ онда қазақ интернет журналистикасының дамуынан ауыз ашуға болмайды»,-деп өз ойын жасырмаған редактор пікірін нақты ортаға салды. – Біздің дамуымызға тұсау болып отырған себептердің бірі – кәсіби бәсекелестіктің жоқтығы. Кәсіби бәсекелестік деген не? Біз бір-біріміздің тақырыбымызды іліп әкетуіміз керек. Бір адамнан толысқан тұлға жасауға болады. Мысалы, өткенде Абай.кз порталында Қажықұмар Шабданұлының Маздат атты баласының 40-50 жылдан кейін табылығаны жарияланды. Оны біз бірінші болып бердік. Ал осыны көрген бір қазақ сайты Маздаттан барып сұхбат алуына болар еді. Келесі біреуінің өмірі бірін-бірі көрмеген ағалы-қарындас Маздат пен Жанар жайлы жазуға, екеуін кездестіріп, суретке түсіріп жариялауына мүмкіндігі жетерлік. Осылай болғанда біз бәріміз жабылып жан-жақты зерттелген тұтас бір тұлғаны жасаймыз ғой,- дейді ол.
Қазақ сайттарының арасындағы іштарлықтың басым екенін жасырмаған қазақ интернет журналистикасының белді өкілі – бұл тақырыпты анау Абай.кз жазып қойыпты деп қарап отырған жарамайды. Осы арқылы қоғамдағы түйткілді мәселені қозғап, ең жоғары деңгейдегі қоғамдық пікірді қалыптастыуымыз керек. Бізде бейтараптылық басым,-дейді.
Осы жерде «Абай-ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қорының Masa.kz, Arasha.kz, Ult.kz қатарлы ақпараттық порталдардың дүниеге келуіне шығармашылық және әріптестік тұрғыдан демеу болғанын айта кеткен жөн.
Майгүл СҰЛТАН
BAQ.kz