Қазақ сайттары редакторлары конференциясының қорытындысы бойынша төрт құжат қабылданады – Айдо

22 Қаңтар 2013, 06:35

Бүгін Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторлары алғашқы конференциясының қорытындысы бойынша төрт құжатты қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүгінгі жиыннан кейін төрт құжат қабылдаймыз. Бірініші құжат интернет қауымдастықтың өзіне қатысты болмақ, Яғни, біз қай бағытта дамуымыз керек? Қазақ оқырманын, қазақ тұтынушысын қалай қарқ қыламыз? Қандай ақпарат жетпей жатыр? Тағы да қандай сайттар керек? Осылайша,өзімізді-өзіміз ынталандыратын, жаңа белес, жаңа бағыт беретін жоспар болса деп отырмыз.Екінші құжатты мемлекеттік органдарға жібереміз. Біз индустрияның бөлігі ретінде,тұтынушы ретінде мемлекеттік органдардан ақпараттың ең алдымен қазақ тілінде, сосын орыс тілінде шығуын талап етіп отырмыз. Ақпарат орыс тілінде шығып, сосын оны аударып жатсақ, мемлекеттік тілді қалай дамытамыз?», - деді «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым. Айымгүл Әбілова

Бүгін Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторлары алғашқы конференциясының қорытындысы бойынша төрт құжатты қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгінгі жиыннан кейін төрт құжат қабылдаймыз. Бірініші құжат интернет қауымдастықтың өзіне қатысты болмақ, Яғни, біз қай бағытта дамуымыз керек? Қазақ оқырманын, қазақ тұтынушысын қалай қарқ қыламыз? Қандай ақпарат жетпей жатыр? Тағы да қандай сайттар керек? Осылайша,өзімізді-өзіміз ынталандыратын, жаңа белес, жаңа бағыт беретін жоспар болса деп отырмыз.Екінші құжатты мемлекеттік органдарға жібереміз. Біз индустрияның бөлігі ретінде,тұтынушы ретінде мемлекеттік органдардан ақпараттың ең алдымен қазақ тілінде, сосын орыс тілінде шығуын талап етіп отырмыз. Ақпарат орыс тілінде шығып, сосын оны аударып жатсақ, мемлекеттік тілді қалай дамытамыз?», - деді «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым.

Айымгүл Әбілова

Бөлісу: