Қарағандыда Жастар арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтуде

20 Қаңтар 2013, 17:09

Қарағандыда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында Жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 10 салмақ дәрежесінде 24 жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. «Ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 1997-1998 жылы туған 177 спортшы қатысуда, олар алты күн бойы 14 салмақ дәрежесінде – 44, 46, 48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақта чемпиондық атақты сарапқа салады», - делінген хабарламада.  Турнирдің ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері Серік Сәпиев қатысып, қатысушыларға сәттілік, жеңіс тіледі. Чемпионаттың финалы 24 қаңтарда өтеді. BNews.kz

Қарағандыда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында Жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 10 салмақ дәрежесінде 24 жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

«Ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 1997-1998 жылы туған 177 спортшы қатысуда, олар алты күн бойы 14 салмақ дәрежесінде – 44, 46, 48, 50, 52, 54, 57, 60, 63, 66, 70, 75, 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақта чемпиондық атақты сарапқа салады», - делінген хабарламада. 

Турнирдің ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері Серік Сәпиев қатысып, қатысушыларға сәттілік, жеңіс тіледі.

Чемпионаттың финалы 24 қаңтарда өтеді.

BNews.kz

Бөлісу: