Америка халқының «батыры» әйгілі Бэтменнің символына айналған автокөлік Barett Jackson аукционында 4,6 миллион АҚШ долларына сатылды.
«Өз заманыңның символына айналған дүниені сатып алу әр адамның өмірінде бір-ақ рет келетін мүмкіндік. Ал, Джродж Барристің «Бэтмобилі» 1966 жылы құрастырылған әлемдегі ең танымал көлік» дейді аукционды ұйымдастырушылар.
Бэтмен жайындағы хикая бірнеше бөлімнен тұрғандықтан оның көліктері де әр түрлі. Ал, сатылымға 1966-1968 жылдары көрсетілген телесериалда көрсетілген көлік шығарылды. Ол Lincoln Futura көлігінің негізінде құрастырылған. Қанық көк түсті қаңқасында қызыл жолақтары бар.
Бэтмобиль танымал автодизайнер Джордж Барриске тиесілі болатын. Ол өз заманында Ford Motor компаниясынан Lincoln Futura-ны небәрі 1 АҚШ долларына сатып алған екен.
BNews.kz