Осы кештің басты жекпе-жегін өткізуге тиісті боксшылар: WBO нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпион - мексикалық Орландо Салидо 57,1 келі, оның қарсыласы - америкалық Мигель Анхель Гарсия 57 келі тартты.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін бұл бокс шоуы Астана уақытымен қаңтардың 20 күні сағат 8:00-де басталады деп жоспарланған.
Жекпе-жекті мына жерден көруге болады.
Қ.Ахметов